Ұлттық қорғаныс университетінде ұйымдастыру-жұмылдыру, кадрлық және психологиялық жұмыстың алғашқы офицерлерінің шығарылымы өтті

Ұлттық қорғаныс университетінде ұйымдастыру-жұмылдыру, кадрлық және психологиялық жұмыстың алғашқы офицерлерінің шығарылымы өтті

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінде «Әскери істегі менеджмент» Ұйымдастыру-жұмылдыру және кадрлық жұмысты басқару және «Әскери ұжымдағы әлеуметтік және идеологиялық жұмыс» «Психологиялық жұмысты ұйымдастыру» мамандықтары бойынша магистранттардың алғашқы шығарылымы өтті.

Дипломдарды тапсыру рәсіміне Қорғаныс министрлігі мен ҚР Қарулы Күштері Бас штабының Білім және ғылым, ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары, тәрбие және идеологиялық жұмыстар департаменттерінің бастықтары қатысты.
Кадрлық қызмет офицерлері оқу бағдарламасы шеңберінде офицерлік кадрлармен жұмыс жасау, төмен тұрған кадрлық органдардың жұмысын бақылау, әскери қызметшілердің қызметті өткеру мәселелерін шешудегі заңдылықтың сақталуы мәселелері жөнінде анағұрлым терең білім алды. Өз кезегінде, офицер-психологтар жауынгерлік іс-қимылдар жағдайларында адамзаттық психология ерекшеліктерін, әскери ұжымдағы өзара іс-қимыл процестері мен әскери қызметшілер арасында ықтимал жанжалдарды шешу тәсілдерін зерделеді.
«Бүгін бізде атаулы күн. Бір жылдық оқыту бағдарламасы бойынша білім алған Ұлттық қорғаныс университетінің алғашқы магистранттарының шығарылымы. Жоғарғы Бас қолбасшы Нұрсұлтан Назарбаевтың қамқорлығының арқасында әскери істің әртүрлі салалары бойынша әскери кадрларды даярлау бойынша бұл ұстахана құрылған болатын. Бұл университеттің қабырғасында білім алуға мүмкіндік берген Қорғаныс министрлігінің басшылығына алғыс білдіремін. Бүгін қолымызға алған дипломдар жай құжат қана емес, бұл үлкен жауапкершілікті жүктейді. Терең теориялық білімді игеріп, біз оны қызмет барысында енгізетін боламыз», - деді «Әскери ұжымдағы әлеуметтік және идеологиялық жұмыс» мамандығы бойынша университеттің түлегі капитан Асхат Әдиев.
«Уақыт бір орнында тұрмайды және ақпараттық-психологиялық технологиялар, ақпараттық-психологиялық кеңістікте болып жатқан өзгерістерді ескере отырып, тың идеялар мен іс жүзінде іске асырылуын жетілдіруді ескере отырып, жаңа көзқарастарды қажет етеді. Қазіргі заманғы кезеңде әскери психологтардың қызметі сұранысқа ие және психологиялық дайындық, әскери қызметшілерге психологиялық қызмет көрсету тұрғысында жаңа көзқарастарды зерделеу мен қолдануға бағытталған», - деп атап өтті ҚР ҚК БШ Тәрбие және идеологиялық жұмыстар департаментінің бастығы полковник Қайсар Мұғалов.


Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

«Қарағай» мен «Ақтерек» станциялары

«Қарағай» мен «Ақтерек» станциялары

Инфографика: как военнослужащие смогут получить жилье по новой модели?

Инфографика: как военнослужащие смогут получить жилье по новой модели?