Ұлттық қорғаныс университетінде қорғаныс саласындағы білімді жетілдіру мәселелері талқыланды

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің базасында АҚШ-ты зерттеу және дамыту корпорациясының қорғаныс саласындағы білімді жетілдіру жөнінде бағдарлама үйлестірушісі доктор Алан Столбергтің университет бастығы генерал-майор Асхат Рыспаевпен кездесуі өтті.

Доктор Алан Столберг ҰҚУ мен өзге серіктес елдер үшін ынтымақтастықтың «моделіне» айналған «Бейбітшілік үшін серіктестік» консорциумы арасында қарқынды дамып келе жатқан және жемісті ынтымақтастықты атап өтті. АҚШ-ты зерттеу және дамыту корпорациясының қорғаныс саласындағы білім беруді жетілдіру жөніндегі бағдарлама үйлестірушісі университет басшылығына сапардың ұйымдастырылуы үшін алғыс білдірді және ҰҚУ басшылығы білдірген барлық бастамалар әскери байланыстардың кезекті жоспарын әзірлеу кезінде ескерілетініне уәде берді.
Одан басқа, келешек ынтымақтастық жоспарларын сапалы дайындау мақсатында Алан Столберг ҰҚУ өкілдерін әскери байланыс жоспарларын жыл сайынғы талқылауға тарту туралы өтініш білдірді. Доктор Столберг ҰҚУ профессорлық-оқытушылар құрамының кәсіпқойлығына жоғары баға берді. Бұл сөзсіз ҰҚУ қызметінің жоғары бағасы болып табылады. Кездесу барысында ҰҚУ бастығы генерал-майор Асхат Рыспаев американдық тарапқа Қазақстанның әскери білімін дамытуда көрсетіп жатқан қолдауы үшін алғыс білдірді.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"