Үздік он журналист анықталды

Үздік он журналист анықталды

Астанадағы Ұлттық әскери-патриоттық орталығында «Әскер медиа-2018» конкурсының қорытындысы шығарылды. Бұл бір әскери тақырыпта қалам тартып жүрген журналистер қауымын ұлықтаған әдемі кеш болды. Салтанатты шараның ашылуында сөз сөйлеген ҚР Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев: « Бұқаралық ақпарат құралдарыА – біздің өмірімізде өте маңызды рөл атқарады, ол халықты тек ақпараттандырып қана қоймайды, үлкен тәрбие құралы. Біздің әлемде болып жатқан оқиғаларға көзқарасымыз бен баға беруіміз осы салада қызмет атқарып жүрген адамдардың арқасында қалыптасады», - деп, БАҚ саласы өкілдерінің арасындағы конкурстың маңыздылығын бір айшықтап өтті.

Бұл шараның бір ерекшелігі байқауға Ресей, Армения, Беларуссия, Қырғызстан сынды мемлекеттердің БАҚ өкілдері де қатысты. Наурыз айында басталған сайыс қарашада қорытындыланып отыр. Бүгінде әскери тақырып Қазақстан журналистикасында салаланып келеді. ҚР Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев: «Қазақстан қорғаныс саласында жыл көлемінде өткен халықаралық шаралар, Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының жиналыстары, үлкен масштабтағы оқулар, Армия халықаралық ойындары, әскери парад, соның ешқайсысы бұқаралық ақпарат құралдарынсыз өткен жоқ», - деді. Сөйтіп бұл күні әртүрлі экстремалдық жағдайдағы әскери дискурстарда тәжірибеден өтіп, теңізге шығып, әуеге көтеріліп, қазақ әскерінің жетістігі мен жеңісін көрсетіп жүрген журналистер қауымы марапатталды. Еңбектері еленді, үздіктері топты жарды.

Биыл байқауға 200 өтініш түсіп, әділқазылар 400-ден астап жұмысқа баға берген. Финалға аймақтық, республикалық және халықаралық бұқаралық ақпарат құралдарында жарық көрген 50 жұмыс іріктелініп алынған. Соның үздік 10 жұмысы кеште аталып, олар Қорғаныс және журналистика саласының майталмандары мен ардагерлері қолынан «Әскер- медиа-2018» конкурсының естелік сыйлықтарын алды. Сонымен 10 үздіктің қатарында «Үздік телевизиялық бағдарлама» «Қазақстан-Шымкент» арнасының жүргізушісі Серғали Жарылқасынов, «Үздік радиобағдарлама» «Шалқар» радиосының жүргізушісі Мұхтар Тұртайұлы, «Қазақстан Қарулы Күштері және шетелдік БАҚ-тағы үздік материал» Ресей Федерациясының «Звезда» телеканалының жүргізушісі Алексей Самолетов, «Баспасөздегі үздік материал» «Өнеркәсіпті Қарағанды» газетінің тілшісі Фархат Кенжетаев, «Ақпарат агеттіктеріндегі үздік жұмыс» «Қазақпарат» тілшісі Арман Асқаров, фототілші Жайнар Дәркембаев, «Әлеуметтік желі және блогплатформадағы үздік жұмыс» Сәуле Серікбай, «Үздік әскери шолушы» Григорий Беденко және «Аймақтық БАҚ-тағы үздік материал» «Знамя труда» газетінің тілшісі Камиля Жұмаділова марапатталды. «Үздік жас журналист» номинациясын 4 -сынып оқушысы Айша Исмаилова иеленді. Әскери саланың әліппесіне жаңа қадам басқан жас жауқазын қызды әскери саланың ардагері, армия генералы Мұхтар Алтынбаев құттықтап, батасын берді. «Әскери ұшқыштың әуеге көтерілгендегі сезім-күйін әдемі берген Айша болашақ Антуан де Сент-Экзюпери» деп алғысөз айтып, жақсы бір дәстүрді жалғастырды. Жалпы бұл марапат – үздіктер қатарында көрініп жүрген журналистердің бірнеше жылғы еңбегінің жемісі.

–Шалқар» радиосында осы саланың тыныс-тіршілігімен танысып, бағдарлама жүргізіп келе жатқаныма 3 жыл болды. Әр апта сайын шығатын бағдарламаны мен жұмыс орнымда отырып алып жасаған жоқпын. Көптеген аймақтарды, Қорғаныс саласындағы басшылармен бүкіл шекараларды бірге аралап,теңіз астында да, әуеге де көтеріліп, оқу-жаттығу жиындарында да жүрдім. Мен осы әскери саланы үш жылда біршама меңгеріп қалдым десе де болады», - дейді үздік радиобағдарлама жүргізушісі Мұхтар Тұртайұлы.

«Әскер медиа-2018» конкурсының қорытындысы шыққан соң, кеш әрі қарай әсем әнмен жалғасты. Қазақ патриоттық әндерінің көшбасында тұратын «Әлия» әнін әнші КСР Халық артисі Роза Рымбаева шырқады. КСР Халық артисі Әлібек Дінішев те «Бір баламен» кеш қонақтарын әдемі күйге бөледі.

                                                              Меруерт САФАЕВА

                                                             Суреттерді түсірген Ағыбай АЯПБЕРГЕН

 

 


Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

 Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

"Глаза разведчика": оптические приборы казахстанского производства

"Глаза разведчика": оптические приборы казахстанского производства