Үндістандағы ұмытылмас сәттер


Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен Үндістан Республикасы Ұлттық Кадет корпусының арасындағы өзара іс-қимыл мен халықаралық ынтымақтастық шеңберінде Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің делегаттары Үндістан Республикасының Тәуелсіздігіне арналған әскери шеруге қатысып қайтты. Аталмыш іс-шарада Қырғыстан, Ресей, Бангладеш, Непал, Вьетнам, Сингапур, Шри-Ланка сияқты ірі елдер де бой көрсеткен болатын.    

Іссапардың екінші күнінен-ақ кездесулер басталды. Айта кетсек, Үндістан Республикасы Президентінің, Премьер-Министрінің және Қорғаныс министрінің резиденцияларында, Үндістан Құрлық әскерлері Қолбасшысының резиденциясында, Үндістан Əскери-теңіз штабы бастығының резиденциясында, Ұлттық кадет корпусының Директорында кездесулер болып, соңы кешкі аспен аяқталды. Кеште сахналанған көңілді қойылымдары мен үнді асханасының ерекшеліктері көңілдерден шығып, ерекше əсер қалдырды.

   Кездесулерден кейін делегаттар құрамы Үндістан халқының мәдениетімен, әдет-ғұрпымен танысу мақсатында Агра қаласының көрнекті жерлеріне саяхат жасады. Көздің жауын алатын Тадж-Махал мавзолейі келушілердің назарын өзіне бірден аудартты. Аталмыш нысанның құрылысы Әмір Темірдің ұрпағы Жақан шахтың бұйрығы бойынша салынғаны тарихымыздан белгілі. Жанума өзенінің бойында орналасқан əлемнің жеті кереметінің бірі - туристтердің де шоғырланған жері. Туристтерге арналған сауданың да қайнап жатқан ошағы.
Уттар-Прадеш штатында орналасқан Фатехпур Сихри муниципалды ауданының мəдени ошақтарына да сапар шегілді. "Жеңіс қаласы" деп аударылатын қалашықтың тарихы Моғол императоры І Акбармен тығыз байланысты.
      Делегаттар бір күндік Аградағы сапардан кейін Раджастанның Джайпур қаласына тоқтады. Маот өзенінің бойында орналасқан Амер қорған-сарайы өзінің алып жатқан көлемімен, ішіндегі əдемі бағымен ерекшеленді. Қорғанға жаяу жəне пілмен шығуға мүмкіндік берілген.
    Джайпур қаласындағы екі күндік сапардан кейін делегаттар Нью-Делиға оралды. Онда мəдени іс-шарада əр мемлекет өзінің таныстыруын жасады. Қазақ елінің жетістіктерін жария еткенде жүрегімізде мақтаныш сезімі кернеп тұрды. Үнді аспанында қазақи əн ойнап, сахнасында би биленді. Өзге елдің өкілдері біздің ұлттық əн мен биге деген қызығушылықтарын айқын аңғартты. Биімізді үйретуін сұраған да адамдар болды. Əрине, бұл мəдениетіміздің қаншалықты құнды, ерек екенін білдіреді.
          Іссапардың басты мақсаты – Үндістан Республикасының Тəуелсіздігіне арналған Үнді əскерінің шеруін тамашалау кезегі де келді. Жаяу əскері, атты əскер, əуе құрылымдары, техникалық жəне т.б. мүмкіншіліктерін ел назарына ұсынды.
           Сондай-ақ, барлық делегаттардың қатысуымен жоғары деңгейдегі шеру болды. Қазақстан делегаттарының алдыңғы шебін әскери кафедрамыздың студенттері Есенбек Сұлтан  мен Казымова Еркежан бастады.  Үндістан Республикасы Премьер-Министрінің қатысуымен өткен бұл шеруде Ұлттық Кадет корпусының кадеттері де əскери өнер көрсетті.
     Әл-фараби атындағы ҚазҰУ мен Үндістан Республикасының ҰКК жастарының араласуы, өзара білім тәжірибелерімен алмасуы екі елдің арасындағы ынтымақтастықты нығайтып, әскери білім беру саласында жемісті серпіліс беретініне сеніміміз мол.



Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"