«Тыныс» зауытының тыңғылықты тірлігі

Республика Үкіметінің индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының өнеркәсіпті әртараптандыру бағытын жүзеге асыру мақсатында жарты ғасырдан астам тарихы бар «Тыныс» ак¬цио¬нер¬лік қоғамы 2003 жылы «Қа¬зақ¬стан Инжиниринг» ұлттық ком-паниясының құрамына енді.

Бұл кәсіпорынның қайта түлеп, өрге басуындағы ұтымды қадам болды. Араға бір жыл салып, я­ғни 2004 жылы акционерлік қоғамға халықаралық «TUY CERT» компаниясының сапа менеджменті жүйесіндегі «ISO 9001:2000» сертификаты тапсырылды. Бұл сол кез­­де үлкен жетістік болатын. Қа­зіргі уақытта заманалық кәсіп­орын қатарындағы «Тыныс» рес­пуб­­ликамыздың экономикалық өмі­ріне белсене қатысушы ретінде әй­гілі. Көкше зауыты бүгінгі таң­да «Қазақстан темір жолы», «Қаз­мұнайгаз», «Казатомпром», «Қа­зақ­телеком», «Казтрансойл», «Каз­трансгаз», «KEGOK» акционерлік қоғамдары сияқты ірі компанияларға өнімдерін жеткізеді. Сондай-ақ, «Улан-Уде авиация зауыты» ААҚ, «Қазан тікұшақ зауыты» ААҚ және «МИГ» РСК ААҚ-пен әріптестік бай­ланыс нығайып келеді. Жалпы, мұн­дағы экспорттық әлеует зауыт шы­ғаратын өнімдердің тең жартысын құрайды.

«Тыныс» тауар өндіру көр­сет­кіш­терін сатылап өсіріп келеді. Мә­селен, 2005 жылы ол 501 миллион теңге деңгейінде болса, 2010 жылы 2,6 миллиард теңгеге жетіп, 523 пайыздық өсімді құрады. Ал, 2011 жылы 2010 жылға қарағанда 139 пайыздық көрсеткіш қамтамасыз етілді. Әр адамға шаққандағы еңбек өнімділігі 2005 жылғы 833 мың теңгенің орнына 2011 жылы 5967 мың теңгеге көтерілді. Бас директор Қуаныш Рыспаев жетістік сырын өндірісті инновациялық технологиямен жаңғыртумен байланыстырады. Қажырлы еңбек ескерусіз қалмай, кәсіпорын 2005 жылдың қорытындысымен республика Үкі­метінің «Сапа саласындағы табыстары үшін» сыйлығын иемденді.

Акционерлік қоғамның бас­ты бағыты ірі инвестициялық жо­ба­­ларды жүзеге асыру арқылы өн­ді­рісті қуаттандыру мен жоғары сұра­ныс­тағы өнім түрлерін молай­туды көздейді. «Тыныс» цехтарында салааралық және өңіраралық экономикалық интеграция талаптарына сай өрт сөндіру құралдарының жетілдірілген түрлері, теміржолшылар игілігіндегі 55 атаулы өнім мен авиация саласына қажетті 16 түрлі жабдықты дайындау іске асырылды. Зауыт 2007 жылдан Көкшетауда құрастырыла бастаған «КамАЗ» жүк автомобильдеріне қажетті жер­гілікті тетіктерді шығару тізбесін көбейтіп келеді. Медицина саласында өкпені оттегімен тыныс алдыруды қамтамасыз ететін жаңа «Көкшетау-4П», «АДРМ» аппараттары жасалып, сынақтан ойдағыдай өтті және ол республикамыздың емдеу-сауықтыру орындары мен Қарулы Күштерінде қолданылуда. 2013 жылдан бері «Брон­ды жилеттер өндірісі» ин­вестициялық жобасы өнім бере бас­тады. Қызметтің жаңа бағыттарына және өндірісті әртараптандыруға бағытталған жобаның құны 1 247 138 мың теңгені құрайды. Ұмтылыс көп ұзамай тұтынушылар назарын аударды. Зауыт 2013 жылғы  25 сәуірде келісімшарт негізінде  Қор­ғаныс министрлігіне алғашқы 2000 дана бронды жилеттерді жеткізді.

Осы орайда, аталған келісімшарт бойынша 10000 дана өнім дайындау қажеттігін ескерсек, жобаға жұм­сал­ған қаржы мерзімінен бұрын өте­летіндігін аңғаруға болады. Соның нәтижесінде, «Тыныс» акционерлік қоғамы  IV халықаралық «KADEX-2016»  қару-жарақ пен әскери техника көрмесінде бронды жилеттердің бірнеше түрін ұсынады. Атап айтсақ, оқтан қорғайтын 4, 5, 6А-сыныпты бронды жилеттер, сыртқа және жасырын киюге арналған сауытты кеудешелер бар. Сонымен қатар, өзінің меншікті өндірісіндегі арнайы әскери қару-жарақтар бар. Зауыт көрмеде авиациялық техниканың өндірушілеріне арналған толымдаушы бұйымдардың әр түрінің тұсаукесерін өткізеді. Оның ішінде үрлеу агрегаты, 1648 желдеткіші, 2459АТ басқару блогы тағы басқалары бар.  Оған қоса, Танк шлемофондарын дайындау «Тыныс» акционерлік қоғамында биылғы жылдан бастап ретке келтірілген. Осы қорғаныс керек-жарақтарының жазғы және қысқы нұсқалары броньды машиналардың экипаж мүшелері арасында ішкі байланысты қамтамасыз ету және сыртқы байланысқа шығу үшін арналған.

Тағы айта кетерлігі, «Тыныс» АҚ басшылығы «Маталық емес (геотекстиль) материалдар өн­ді­рісі» инвестициялық жобасын іске асырды. «Қазақстан-Инжиниринг» ұлттық компаниясы жобаны пайызсыз несиемен қар­жы­ландыру туралы шешім қабылдауы зауыт абыройын көтере түсті. Бұған қосымша, ультрадыбыстық есептегіштердің, манометрлердің, ре­зина-техникалық бұйымдардың же­тілдірілген түрлерін кеңейту бағы­тында мақсатты жұмыстар атқа­рыл­мақ.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"