«Тынымсыз еңбек пен рухтың нәтижесі»

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне қарайтын Армия орталық спорт клубы Тау даярлығы орталығының офицері капитан Мақсұт Жұмаевты Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі жер шарының биік нүктесі – Эверест шыңын бағындыруымен құттықтаған жеделхатын жолдады.

«Құрметті Мақсұт Сағынтайұлы, биікті бағындыруыңызбен құттықтаймын! Сіздің жетістігіңіз – жоғары спорттық шеберлік, тынымсыз еңбек пен рухтың нәтижесі. Сіз Қазақстан Республикасының туын әлемнің биік шыңына тіккеніңіз айтарлықтай маңызды және оны Астананың 20 жылдығына арнап отырсыз. Жас спортшылар мен өскелең ұрпақ үшін Сіз мақсатқа жету жолында беріктіктің, батырлықтың және мұқалмас ерік-күш иесі болып табыласыз. Сізге әрі қарай сәттілік, әлемдік аренада Қарулы Күштердің даңқын асқақтату жолын жалғастыра беріңіз», - деп жазылған құттықтау хатта.

2007 жылы Мақсұт Жұмаев сегіз мыңдық биіктікті бағындырғанын айта кеткен жөн. Сол кезде ол солтүстік жағын бағындырған болатын. Бұл жолы қауіпті, әрі күрделі болып табылатын оңтүстік жағына көтерілді. Кхумбу – әлемдегі жылжымалы мұзды, қауіпті биіктік, өте үлкен мұзды тасты тау, оның жылжу жылдамдығы күніне метрге жуық. Капитан Мұқсұт Жұмаев осы екі бағытты – Эверестің оңтүстік және солтүстік бағытын бағындырған әлемдегі санаулы альпинистердің бірі. Бүкіл альпинизм тарихында осы екі жолмен онға жуық қана адам өткен болатын. Қазақстандық альпинист әлемнің 14 биік шыңын бағындырғанын айта кеткен жөн.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"