Түсіндіру жұмыстарынан түйер ой көп

Ширек ғасыр бұрын тәуелсіздігін еншілеген еліміз тарихи өлшеммен алып қарағанда қас-қағым сәтте таңдай қағарлық жетістіктерге жеткенін мақтанышпен айтуға тиіспіз. Экономикалық ахуалға назар аударған әу бастағы бағытымыз қазір өзінің дұрыстығын айғақтап, мемлекетіміздің босағасын берік етті, керегесін кеңейтті, шаңырағымыздың асты шат-шадыман күйге бөленуде. Енді, міне, Рухани жаңғыруға жол ашылып, ұлттық идеологияға ден қойылуда. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың жақында ғана шыққан Жарлығымен бекіген кириллица қарпінен латын әліпбиіне көшу саясаты – жоғарыдағы бастаманың жемісі.

Сөз бастайтын ағалардың, аналардың айтқандарынан ұғарымыз көп емес пе? Алдымен сәл кейінге көз салып көрелік. Ел іргесін нықтағаннан кейін тарихымызды түгендедік. «Мәдени мұра» бағдарламасының, Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойының арқасында барымызды бағамдап, жоғымызды таптық, болашағымызды ұлт танымына бағыттап, өшкенімізбен қауыштық. Ал енді Елбасымыз білім мен рухани салаларға ден қою қажеттігін баса айтуда. Мұны Президенттің соңғы жылдардағы Қазақстан халқына арнаған Жолдауларынан бірден аңғаруға болады.
Рас, білім саласына бірнеше жылдан бері басымдық беріліп, ел қазынасынан бөлінетін қаражат та еселене түсуде. Мұны нәтижесіз деп айта алмаймыз. Өйткені, түрлі саралау мен зерделеуден, мамандар талқылауынан өткен реформалар келешек ұрпақтың қабілеттілігін арттыруды көздейді.  Латын әліпбиіне көшу саясатының да қазақ халқына пайдалы тұстарын ғалымдарымыз бен сарапшыларымыз БАҚ беттерінде үнемі айтып, жазып келеді. Мұндай түсіндіру жұмыстарынан халықтың түйер ойы көп. Айталық, бұл, біріншіден, дамыған елдермен иық тіресіп, заман көшіне ілесу болса, екіншіден, ұлттық ғылымның қиындық пен кедергіге ұрынбай ілгерілей түсуіне серпін беретінін түсіндік. Көп қолдаған латын әліпбиіне көшудің уақыт талабы екенін №74 мектеп-гимназиясы ұжымы да ұғынғанын жеткізгім келеді. Бұл сөзіме күні кеше ұйымдастырылған «Латын әліпбиіне көшу – ұлттық жаңғырудың ұйытқысы» атты ақпараттық-түсіндірме жұмысымыз куә.
Келелі отырыста белгілі тіл жанашырлары, білікті мамандар ата-аналар мен оқушыларға латын әліпбиіне көшудің маңыздылығы туралы терең мағлұмат берді. Қоғамдық дұрыс пікір қалыптастыруға септесті. Жиында Ш.Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру орталығының қызметкерлері қатысушыларға латын әліпбиінің Елбасына ұсынылған үлгісін таныстырды.
Біз ғалымдар мен IT мамандар латын әліпбиінің қоғам талқысына екі нұсқасын ұсынғанынан хабардармыз. Алайда, көпшіліктің таңдауы отыз екі әріптен тұратын екінші нұсқаға түсуде. Мамандардың айтуынша, бұл нұсқаның алғашқы нұсқадан ерекшелігі – төл дыбыстарымыз негізгі әліпби қатарынан орын алыпты және дәйекше арқылы берілген. Қоғамның тоқсан пайызы қолдаған осы нұсқа біздің де ойымыздан шыққанын айту керек.
«Латын әліпбиі қазақ ұлтын үлкен жаңғыруға жетелеп, ғаламдық доданың бәсекесіне салары анық. Сондықтан бұл ілкімді іске бірлікпен қолдау білдіріп, үлесімізді қосқанымыз абзал. Қазір білекпен алысатын заман емес, біліммен алысатын заман туды. Ұрпақтың сауаттылығы болашақ үшін маңызды. Ал жастарымыз латын әліпбиінен тез меңгеретініне күмән жоқ. Өйткені, балабақшадан бастап оқытылатын ағылшын тілі пәні жаңағы ойымызды шегелей түседі», деді бұрынғы мәжіліс депутаты, тіл жанашыры Оразгүл асанғазы.
Мектеп ұжымы ұйымдастырған жиынның ерекшелігі сол, онда зиялы қауым өкілдері, ұстаздар, қоғам қайраткерлері ойларын ортаға салып, пікірлерін білдірді. Біз латын әліпбиіне көшу саясатын бір ауыздан қолдайтынымызды айтып, іргелі шара іс жүзіне асқанда оның кең тарауына күш салуға уағ­даластық.    
Жеңіскүл НҮСІПЖАН,  
Астана қаласы, №74 мектеп-гимназияның директоры

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"