Түркияның Önce Vatan газетінде жарияланды

Түркияның Önce Vatan газеті Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласының толық мәтінін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Önce Vatan  - Түркиядағы беделді газеттердің бірі. Таралымы - 30 мыңға жуық. Мақаланы түрік тіліне Халықаралық Түркі академиясы аударған. Ал жариялауға мұрындық болған - аталмыш газеттің бас редакторы Кемал Саллы. 

Еске салайық, Кемал Саллы биыл Түркістанда Исмаил Гаспаралы сыйлығымен марапатталған еді. 

Айта кетейік, Халықаралық түркі академиясы Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын бұған дейін моңғол, татар, мажар, корей секілді он тілге аударған. Академияның баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл жұмыстар әлі де жалғасады және мәтіндер халықаралық ұйымның ресми сайтында жарияланады. 

Мақаланың Önce Vatan газетінде жарияланған түрік тіліндегі нұсқасымен мына жерде танысуға болады. 

 


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"