Тоқсан жасаған «Сарбаздың» жазары таусылмасын

Тарихы сонау 1929 жылдан бастау алатын қарт газеттің тағдыры өзімен қатар замандас басылымдардың өткені сияқты небір нәубет пен зобалаңға толы болды. Ол да қазақ тәрізді «мың өліп, мың тірілді». Кейде тіпті он жылдап бой көрсетпей, тасада қалып қойған кезі жоқ емес.  

Ал ортаға оралған күннің өзінде мемлекеттік саясаттың ықпалымен түрлі атаумен ғұмыр кешуіне тура келді. Алайда берілмеді, оның жанашырлары да барлық қиындыққа төтеп берді. Феникс тәрізді қайта түлеген басылымға тәуелсіздік алған жылдары Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі басына бостандық әперді. Кезіндегі «Қызыл әскер» сол кезде алпысты алқымдап үлгерген еді. Азаттық алған оған «Қазақстан сарбазы» атағы берілді. Содан кейін көнекөз қария көрген бейнетінің зейнетін көре бастады. Бүгінде абыз «Сарбаз» тоқсанды толып отыр. Талайдың талайлы тағдыры мен мехнатты жылдарына куә болған ол бірақ әлі де тың. Жаңалыққа жаны құмар, жақсылыққа ортақтасып, өзгенің қиындығын бөлісуге әзір.   

         Қазақстанның қорғаныс саласын қашанда назарда ұстап, жұбанышты жайттарға күйініп, қуанышты хабарды сүйіншілеп, жақсылықтың жаршысы бола білген қарт «Сарбаз», мерейлі мерейтойың құтты болсын!

Полковник Ерлан ЖАБЫҚБАЕВ, Жамбыл облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"