Теориялық білімді тәжірибемен шыңдады


ҚР Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің құрамалары мен әскери бөлімдерінде Құрлық әскерлері Әскери институтының 3-курс курсанттары әскери тағылымдамадан өтті.

Тағылымдаманың негізгі мақсаты әскери-кәсіптік пәндерді зерделеу кезінде әскери оқу орнында алынған теориялық білімді бекіту, лауазымдық арналым міндеттерін орындауда тәжірибе жинақтау, жеке құраммен жұмыс жасау кезінде командирлік машық пен тәрбие жұмысының машықтарын жетілдіру, қару-жарақ пен әскери техниканы жөндеу мен пайдалануды ұйымдастыруда теориялық білімдерін шыңдау болып табылады. Болашақ офицерлер әскери тағылымдама барысында жауынгерлік даярлық бойынша сабақтарды сапалы ұйымдастырып, өткізді. Құрлық әскерлері Әскери институтының қабырғасында алған теориялық білімдерін іс жүзінде дұрыс қолдануға энтузиазм және табандылықпен талпыныс білдірді. Сеніп тапсырылған бөлімшелердің жеке құрамымен сабақтарда әдістемелік айла-тәсілдерді іс жүзінде пысықтады.

«Практикалық сабақтарды өткізу барысында менің барлық курстастарым өткізілетін сабақтарға өздерінің жоғары дайындықтарын паш етті. Жаппай жою қаруынан қорғану, сондай-ақ атыс және дене даярлығы бойынша барлық нормативтерді іс жүзінде пысықтады. Бөлімшелердің командирлері курсанттармен өткізілген барлық сабақтарды «жақсы» және «үздік» деген бағаға бағалады. Мен басшының рөлін алғаш рет сезінгенімді атап өткім келеді және өзімнің білімімді бағыныстыларыма үйретуге тырысып бақтым", - деді Құрлық әскерлері Әскери институтының 3-курс курсанты Керей Құлманбет.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"