Таудағы әйелді құтқарған «Киров» әскери-патриоттық клубының тәрбиеленушілері марапатталды

Алматы шаһарында таудағы әйелді құтқарған «Киров» әскери-патриоттық клубының тәрбиеленушілері марапатталды. Алматы қаласының қорғаныс істері жөніндегі департаменті әскери-патриоттық клубтың жеткіншектеріне «Баганашил» демалыс саябағында жазғы демалыс ұйымдастырды.

«Киров» әскери-патриоттық клубы  - бұл Алматыдағы 30 әскери-патриоттық клубтың ең ауқымдысы болып келеді. ӘПК тәрбиеленушілерінің саны – 75 жасөспірім, оның ішінде 20-сы жетім балалар. Сонымен қатар, Алматы қаласының қорғаныс істері жөніндегі департаментімен «Киров» ӘПК-нің жетім баларына лагерь ұйымдастырылды. Ағымдағы жылғы маусымның басында Алматы қаласында «Киров» әскери-патриоттық клубының тәрбиеленушілері таулы даярлық, жетекшімен құзға өрмелеу және альпинизм бағдарламасы бойынша  сынақтық өрмелеуден қайтып келе жатқанда топтан қалып қойып, жападан жалғыз қалған әйелді тауып алғанын естеріңізге сала кетейік. Мәлім болғандай, әйел сол аяғын сындырып алуына байланысты қозғала алмады. Әскери-патриоттық клубтың 6 тәрбиеленушісі клубтағы оқып-үйренгендерін, яғни, оған медициналық көмек көрсете бастады. Әскери-патриоттық клубтың тәрбиеленушісі 7-сынып оқушысы Думан Манапов әйелді жедел жәрдем орналасқан жақын маңға жеткізіп салу үшін  зембіл ретінде жадағай палатканы пайдалануды ұсынды. Балалар 2 шақырымдай жерге төмен түсіп, әйелді қолдарымен көтеріп әкелді.  «Жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру, жастардың сана-сезімінде патриотизмнің моральдық және адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру – бұл патриоттық тәрбие берудің негізгі міндеті болып табылады», - деп Департамент бастығының орынбасары полковник Ермұхан Аспамбетов атап өтті. Алматы қаласының ҚІЖД ерекше көзге түскен оқушыларды қолдап және көтермелеп, алып шаһардағы әскери-патриоттық клубтарды дамыту жөнінде жұмыс ұйымдастырып, өткізетінін айта кетейік.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"