Тарихты терең тани түсетін танымдық, тағылымдық мақала

2004 жылы елімізде Президент Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы қабылданып,  жүзеге аса бастаған болатын. Аталған бағдарлама қазақ халқының бай мәдени мұрасы арқылы қазақстандықтардың ұлттық сана сезімін дамыту мен бекітуді, ұлттық рухани қазынамызды әлемге таныту, ұлттық мәдени мұраны зерттеу жүйесін құру мақсатында қабылданған бағдарлама қоғамның қолдауын иеленіп, көптеген шаралардың қолға алынуына негіз болған еді.

Осыдан бір жарым жыл бұрын ел Президенті жариялаған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы да еліміздің рухани өмірінде, азаматтардың күнделікті тыныс-тіршілігінде серпіліс туғызуды мақсат етеді.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылы 21-ші қараша күні «Egemen Qazaqstan» газетінде жа­рық көрген «Ұлы дала­ның жеті қыры» атты бағдарлама­лық мақа­ласы осыған дейінгі «Мәдени мұра», «Рухани жаңғыру» бағдарламаларының заңды жалғасы деп айтуға болады.

Президент өзінің мақаласын: «Кеңістік – барлық нәрсенің, ал уақыт – бүкіл оқиғаның өлшемі. Уақыт пен кеңістіктің көкжиегі тоғысқан кезде ұлт тарихы басталады», – деп бастады. Өйткені, уақыт пен кеңістіктің көк­жиегі тоғысқан кезде басталған осы ұлттық тарихымызға терең үңіліп, түп-тамырымызды жете танып, оның күрмеуі күрделі түйінін шешуге ұм­тылу – баршамызға ортақ міндет.

Елба­сымыз Тәуелсіз Қазақ­станның жастары­на «Жастар жылын» жариялай отырып, шыққан тек­тері­мен таныстырған мақа­ла жолдап отыр. Мақалада көрсетілгендей: «Біздің даңқты батырларымыз, ой­шыл­­дарымыз бен ел билеушілеріміз – тек Қазақстан ғана емес, сондай-ақ, бү­кіл әлем бойынша еліктеуге лайықты тұл­ғалар». Осы салада өзінің елі, жері үшін жанын пида еткен, есімдері тарихта мәңгілікке қалған азамат тұлғалар көп.

Қазіргі уақытта ата-бабаларымыз бізге өсиет етіп қалдырған жеріміздің, еліміздің тыныштығын қорғауда, азаматтардың қазақстандық патриоттық сезімін дамытуда, Қарулы Күштердің оң беделін көтеруде көптеген іс-шаралар жасалуда, соның бірі – мемлекет тағдырына азаматтық жауапкершілік сезімін, аға ұрпаққа, олардың өткен батырлық кезеңіне құрметпен қарау сезімін қалыптастыру, оқушылар арасында Қазақстан патриоты сезімін биіктету мақсаттарында республикалық деңгейдегі «Жас сарбаз» жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы.

Департаменттің әскери қызметшілері барлық қазақстандық азаматтар сияқты төл тарихын білуге ұмтылып, тарихи санасы жаңғырып, мақалада айтылған керемет идеяларды қолға алып, жобаларға атсалысатынына сенеміз. 

Астана қаласы Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы Нұржан Әзімханұлы Исаков


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"