Тағылымды шара

Өткен аптада Атырау облысының Қорғаныс істері жөніндегі департаменті Каспий өңірінің қазіргі заманғы жоғары колледжімен бірлесе отырып Тәжік-Ауған шекарасындағы қаралы оқиғаға арналған «Ерлікке тағзым» атты іс-шара өткізді.

Аталмыш шараны Атырау облысы Қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының тәрбие және идеологиялық жұмыстары жөніндегі орынбасары подполковник Марат Ізмағамбетов ерлікпен қаза тапқандарды бір минут үнсіздікпен еске алудан бастады. Марат Сағиұлы Тәжік-ауған соғысына қатысушылардың Отан алдындағы антына берік болғандығы, олар жастарымыз үшін мәңгілік патриоттық рухтың үлгі-өнегесі болып қалатынын, ардагерлерді құрмет тұту керек екендігін атап өтті. Іс-шараға Ауған соғысының ардагерлері Әлішер Кулов, Асқар Жұмағазиев, Құндызбай Құсайынов, облыстық тәжік-ауған ардагерлер кеңесінің төрағасы Қанат Қадырқұлов және облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сергей Алпатанов ағаларымыз қатысты.

 

Урбайза Абитова

Атырау облысының Қорғаныс істер жөніндегі департаменті

баспасөз қызметінің бастығы


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"