Тағылымды жүздесу

Қазіргі таңда бүкіләлемдік жаһандану дәуірінде өмір сүріп жатқан өскелең ұрпаққа дұрыс бағыт-бағдар, оң тәрбие беру мақсатында 29990 әскери бөлімінің офицерлер құрамы Астана қаласына қарасты Пригородный кентінде орналасқан №24 мектепте әскерге шақырылу жасына дейінгі жасөспірімдермен «Ерлік сабағын» өткізді.

10-11 сынып аралығындағы жасөспірімдерге патриоттық тәлім-тәрбие беріп, интернет арқылы сананы улайтын небір теріс ағымдардан аулақ ету, отансүйгіштікке, ар-намысқа, тура жолға жетелеу мақсатында жүргізілген бұл іс-шара игілігі мол болды. Өзіміз көріп отырғандай әлемде небір келеңсіз жайттар орын алуда. Біздің еліміздің мақсаты бар әлемде бейбітшілік орнату болып табылады. Дегенмен, еліміздің тыныштығын қорғап тәулік бойы жауынгерлік кезекшілікте отырып, әуе кеңістігін бақылап қорғау жайлы қыр сырды полковник М.Сыдыков өз аузынан айтып берсе, еліміздің авиация жағдайына өте білікті маман майор А.Хоружий тоқталды.

Сондай-ақ, өзге де әскери қонақтар өздерінің бүгінгі әскери өміріне кеңірек тоқталып, жас өрендерге Отанға қызмет етудің зор абырой екенін жеткізді. Қысқасы, бұл «Ерлік сабағының» мәні мен маңызы мол болды.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"