Тәуелсіз Қазақстан әскерінің әлеуеті мықты

Бүгінгі тәуелсіз Қазақстан әскерінің әлеуеті мықты. Қазақ әскері Қасым хан дәуірінен кейін дәл қазіргідей қуатты болған емес. Тіпті арғы-бергі тарихымызда да дәл бүгінгідей заманауи әскер жасақталмаған. Тәуелсіз қазақ әскері құрылған алғашқы жылдар өте қиын кезеңдер еді. Қарулы Күштердің Бас қолбасшысы мен басшылық құрамның, генералдар мен офицерлердің тынымсыз еңбегінің арқасында әскеріміздің әлеуетін арттыруға бағытталған мақсатты шаралар жолға қойылды. Күні кеше Кеңес одағына бағынып келген әскери құрылымдар қайта жасақталып, өңірлерде әскери округтер ашыла бастады. Соның бірі – «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы.

Бұл әскери бөлініс қазақ әскерінің тарихындағы тұңғыш әскери округ еді. Округ құрылған аз ғана уақыттың ішінде Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарында болған әскери құрылымдардың арқасында республиканың оңтүстік-шығыс бөлігінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мүмкіндігіне ие әскери күшке айналды. Елбасы – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Бас қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қарулы Күштердің қалыптасуы Оңтүстік әскери округінен басталады» деген сөзінің өзі осының дәлеліндей. Алғашқы жылдары округке генерал-майор Әлихан Жарболов басшылық жасады. Кейіннен бұл әскери құрылымға Уәли Еламанов, Бақтияр Сыздықов, Болат Дарбеков, Талғат Қойбақов сынды генералдар жетекшілік етті.

        Қазақстан Қарулы Күштерінің ширек ғасырдан астам тарихы бар. Осы уақыт ішінде қазақ әскерінің әлеуетін арттыру үшін қыруар шаруа атқарылды. Соның арқасында ешкімге тәуелсіз, дербес әрі қуатты әскер құру мүмкіндігіне ие болдық. Дәл қазіргі таңда Қарулы Күштер қорғаныс саласындағы қалыптасқан іргелі құрылымдардың біріне айналды.

         Әскери құрам «Мәтібұлақ», «Айша-бибі», «Мөңке», «Дарбаза», «Теріс-Ащыбұлақ» полигондарында жауынгерлік оқу-жаттығуларын өткізіп тұрады. 2010 жылы «Мәтібұлақ» полигонында Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдер әскерлерінің қатысуымен «Бейбітшілік миссиясы» лаңкестікке қарсы әскери оқу-жаттығулары өтті. Қазақстан Республикасының аймақтағы көшбасшылығы осы шарада айқын көрініс тапқан еді. Біз Қарулы Күштерінің қорғаныс қабілеті мен халықаралық беделінің арта түскенін 2016 жылы ресейлік «АрМИ-2016» халықаралық армия ойындарының екі кезеңін еліміздегі «Отар» полигонында өткізгенде тағы көрсеттік. «Мерген шебі» және «Артиллериялық атыс шеберлері» аталымдары бойынша он үш мемлекеттің үш жүзге тарта әскерилері күш сынасқан байқауда Қазақстан қоссайыстың абсолюттік жеңімпазы атанғаны – соның дәлелі.

        Бүгінде қазақ әскері барлық қазақстандықтар үшін асқақ абырой мен даңқтың символына айналды. Елдің ішкі тұрақтылығы мен қорғаныс қабілетінің кепілі екендігі де даусыз. Осынау мәртебелі міндетті «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының жауынгерлері мен офицерлері абыроймен атқарып келеді. Ел тыныштығы мен қауіпсіздігі жолында жанын салып еңбек етіп жүрген азаматтардың әрқайсысының бойында елге деген, Отанға деген шексіз сүйіспеншіліктің бары анық. Өйткені жауынгер қай кезде де елі үшін басын бәйгеге тігуге әзір болуы тиіс.

        Ал патриот ұрпақты тәрбиелеу үшін әркез өңірдегі жоғары және арнаулы оқу орындарының студенттерімен, мектеп оқушыларымен кездесулер өткізіліп тұрады. Жастармен болған кездесудің барлығында патриотизм жайында әңгіме өрбітіп, оларды Қарулы Күштердің қатарында әскери борышын өтеуге шақырамын. Себебі патриотизмнің алғашқы қадамы дәл осы аз уақытқа ағайын-туғаннан жырақ кетіп, әскери борышты өтеп келуден басталады.

        «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының құрылымдары мен әскери бөлімдерінің жеке құрамы атынан жамбылдықтарды дәл осы мерейлі мерекемен шын жүректен құттықтаймын. Отан күзетінде елінің асыл перзенттері тұрғанда отандастарымыз еш алаңсыз өмір сүреді.

Генерал-майор Марат ҚҰСАЙЫНОВ,

«Оңтүстік»

өңірлік қолбасшылығы

әскерлерінің қолбасшысы


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"