Сыбайлас жемқорлықтың қауіп-қатерлерін барынша азайту мәселелері талқыланды

Сыбайлас жемқорлықтың қауіп-қатерлерін барынша азайту мәселелері талқыланды

Астанада ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Әбілқайыр Сқақовтың төрағалық етуімен ҚР Қарулы Күштерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманың орындалуына бақылау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті.

Кеңес барысында қорғаныс істері жөніндегі департаменттерге практикалық көмек көрсету, олардың қызметтерінің тиімділігін арттыру және сыбайлас жемқорлық қауіп-қатерлерін жою жоспары қаралды. Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаменті бастығының МУА полковник Ардақ Құқатов баяндама жасады. Қорғаныс министрлігімен іске асырылып жатқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат аясында Алматы облысының ҚІД үлгісінде «Азаматтарға арналған әскери комиссариат» жобасы іске асырылатын болады. Оның мақсаты жергілікті әскери басқару органдарының қызметінде ішкі және сыртқы сыбайлас жемқорлық қатерлерін барынша азайту, барлық санаттағы азаматтарды әскери есепке алу мәселелерін цифрландыру, Қорғаныс министрлігінің мемлекеттік қызметтер көрсетуі болып табылады. Жұмыс барысында Қорғаныс министрінің орынбасары кеңеске қатысушылардың оларға берілген тапсырмалардың орындалу маңыздылығына жіті мән берді. Себебі, аталмыш жобаның нәтижелері әрі қарай өзге де бөлімшелердің қызметін жетілдіру үшін пайдаланылады. Отырыс соңында ЖӘБО жүйесін қалпына келтіру, олардың қызметінің барлық бағыттарын қайта жүктеу бойынша ұсынымдар берілді. Қарулы Күштерді сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы толыққанды ақпаратпен Қорғаныс министрлігінің www.mod.gov.kz. сайтындағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» бөлімінде танысуға болады.



Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

 Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Семь граней Великой степи

Семь граней Великой степи