Студенттердің оқу жиындары аяқталды

Студенттердің оқу жиындары аяқталды


Еліміздің түкпір-түкпіріндегі жоғары оқу орындарында запастағы офицерлерді дайындау бағдарламалары бойынша толық оқу курсынан өткен студенттермен оқу жиындары өткізілді.

Жиын барысында студенттер ұрыс машиналарын жүргізу, қару-жарақ пен әскери техникаға қызмет көрсету бойынша практикалық жаттығуларды орындады, сондай-ақ атыс қаруынан оқ ату машықтарын паш етті. Одан басқа, жиын аясында студенттермен армрестлинг, гір спорты, белтемірге тартылу, арқан тарту және шахматтан оқу роталары арасында спорттық сайыстар болды. Оқу жиынының соңғы кезеңінде тактикалық арнайы сабақтар мен оқыту пәндері бойынша бітіру емтиханы өткізілді.

Мемлекеттік емтихандарды тапсырғаннан кейін оқытушылар мен жеке құрам барлық оқу курсы бойынша қорытынды шығарды. Өз кезегінде, студенттер оларға болашақ кәсіби қызметте қажетті алған білімдері мен дағдылары үшін алғыс білдірді. Әскери дайындықтың толық курсынан өткен студенттер келешекте Қазақстан армиясының офицерлер корпусын толықтыратынын айта кету қажет.


Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

 Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Семь граней Великой степи

Семь граней Великой степи