Стокгольм Армия Музейінің көшпелі көрмесі

1 маусымнан бастап ҚР Қарулы Күштерінің Ұлттық әскери - патриоттық орталығының Әскери-тарихи музейі көшпелі көрме ұйымдастыруды бастады. Семей қаласының облыстық тарихи-өлкетану музейінде өткен көшпелі көрме «Өмір мен өлім арасындағы заттар» деп аталады.

Аталмыш көрме Швеция мемлекеті Стокгольм қаласындағы Армия Музейінің көшпелі көрмесі. Көрмедегі экспозициялардың көп бөлігі шведтік коллекционер Торбьерн Ленскогке тиесілі. Ол Армия Музейіне бірнеше жыл бұрын коллекцияларын сыйға тартқан екен. Көрмеден әскерлердің пайдаланатын заттарын, ойын картасын, музыкалық аспаптар, дәрі-дәрмектер сынды күнделікті тұрмыста қолданылатын заттарын көре аласыздар. Бұл экспонаттар күнделікті тұрмыста қолданатын жай заттар секілді көрінуі мүмкін, бірақ озбырлық жылдары орын алған қасірет пен соғыс кезіндегі жанұясынан жырақта жүрген адам үшін олар – ең қымбат та қасиетті естеліктер. Осындай қарапайым дүниелер өмір мен өлім арпалысқан қиын кезеңдерде адамның адам болып қалуы маңызды екенін ұғындырады. Республика аумағында алғаш рет өткізіліп отырған «Өмір мен өлім арасындағы заттар» атты көшпелі көрмесі 29 маусымға дейін жалғасады.

 

Толғанай Әукенова

  ҚР ҚК Әскери-тарихи музей қызметкері
Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

 Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Номад

Номад