СҚО-да үздік кинолог анықталды

Петропавлда кинологтар арасындағы облыстық чемпионатта ЕЦ-166/1 мекемесінің қызметкері  Жомарт Қадыров пен оның Шило есімді иті үздік нәтиже көрсетті. Бұл туралы СҚО бойынша Қылмыстық атқару жүйесінің департаментінен хабарлады.

«Құқық қорғау органдары саласындағы кинологтар арасындағы чемпионат Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығын тойлауға арналды. 20-дан астам арнайы үйретілген ит түрлі сындар мен кедергілерден өтіп, есірткіні іздеу және іздері арқылы қылмыскерді ұстау бойынша мүмкіндіктерін көрсетті», - деді СҚО бойынша ҚАЖ департаментінің қызметкері Қанат Сүлейменов.

ҚАЖ департаментінің намысын ЕЦ-166/1 мекемесінің кинологі әділет  сержанты  Жомарт Қадыров  қорғады. Ол Шило есімді қызметтік итімен жеке сында үздік нәтиже көрсетіп,  грамота, медаль  және кубокпен марапатталды.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"