«Союз МС-09» сәтті ұшырылды

«Байқоңыр» ғарыш айлағынан халықаралық экипажы бар «Союз МС-09» ТБК ұшырылды

2018 жылдың 6 маусымында Астана уақыты бойынша сағат 17:12-де «Байқоңыр» ғарыш айлағынан «Союз МС-09» транспорттық басқарылатын кемесі бар «Союз-ФГ» зымыран тасығышы сәтті ұшырылды.

Ұшырым «Байқоңыр» ғарыш айлағының «Гагарин стартынан» (№ 1 алаңы) жүзеге асырылды және штаттық режимде өтті.

Ғарыш кемесі Халықаралық ғарыш стансасына (ХҒС) кезекті ұзақ мерзімді экспедиция үшін жаңа экипажын (МКС-56/57) жеткізу тиіс.

Экипаждың негізгі құрамына Роскосмостың ғарышкері Сергей Прокопьев (ТБК командирі - РФ), «ЕКА» астронавты Александр Герст (бортинженер - ГФР) және «NASA» астронавты Серина Ауньен-Чэнселлор (бортинженер - АҚШ) кірді.

«Союз МС-09» ТБК-нің ұшырымы ХҒС-тың ұшу бағдарламасына сәйкес жоспарланған. Ұшудың жоспарланып отырған ұзақтығы 187 тәулікті құрайды.

Экспедицияның мақсаттарына жүк кемелермен жұмыс істеу, кемеден тыс қызметі бойынша жұмыс атқару (ашық ғарышқа шығу), ХҒС-тың борт жүйелеріне қызмет көрсету, фото-жәнебейне түсірілімдерді жүргізу, сондай-ақ ғылыми-қолданбалы зерттеулерді (барлығы 55 ғылыми тәжірибе) орындау кіреді.

Қазақстандық және ресейлік мамандар зымыран тасығыштарды ұшыру кезіндегі қауіпсіздік шараларын қамтамасыз етуде. Ұшырудан кейін зымыран тасығыш сатының құлау ауданын аралау үшін қажетты авиация тартылды.

 

 


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"