Сот жүйесі, жаңа технологияларды игеру және қолдану туралы

Отандық және шетелдік авторлардың айтуынша, жас маманның жаңа жұмыс орнына бейімделу кезінде өз мамандығы бойынша жұмысты дұрыс таңдау кәсіпке деген жарамдылық және жұмыс жасауға деген қалау, қызығушылық, белсенділік т.б. көптеген факторлар әсер етеді.

Жас маман, мысалыға алатын болсақ сот жүйесіндегі жас мамандар, яғни жетекші мамандар, келісім шарт бойынша қабылданған іс жүргізушілерді айтуға болады.                             

Жас маман бейімделу барысында өзінің кәсіби әрекеттік бірігуі жүреді осы іс-әрекет құрамына кіретін арнайы білім ептілікпен дағды және мақсатпен мотивтері кіреді. Бейімделу барысында маман белгілі бір іс-әрекет мазмұнын меңгереді.

         Жас маманның жаңа жұмыс орнына бейімделуінің негізгі факторлары:

1. Жоғарғы оқу орнынан алған теориялық білімінің жаңа жұмыс орнына сәйкес келуі.

2. Жас маман өзінің мүмкіндіктерін тиімді жасай білуі, ішкі мобильділікті шартты түрде орындай білуі теориялық білімді игеруі.

3. Жас маман өзінің жинаған теориялық білімін практикалық түрде қолдана алады.

4. Ұжыммен қарым-қатынас орната білу.

5. Бос уақытын ұйымдастыру.

         Жас маманның қызмет түрінің ерекшеліктері мыналар: өзінің мақсаттары мен нәтижелерінің болуы (өзіндік еңбекке дайындығы, талаптарды игеру, өзінің адамдық қасиеттерінің дамуы), зерттелінді объект ерекше қасиеті (ғылымдық білімі, болашақ еңбегі туралы мәлімет), жас маман қызметінің жоспарланған шарттарда жүзеге асуы (жұмыс мерзімі мен жоспары), қызметке психика қызметінің жүйелілігі мен жоғарғы интеллектуалдық қысым тән.

         Бас маман, бас маман-сот мәжілісінің хатшысын жатқызуға болады. Себебі сот жүйесінде судьямен қатар сот отырысының хатшысы сот жүйесіндегі маңызды буын. Мемлекеттік қызметкер мәртебесін қолдап отыру үшін барлық мемлекеттік қызметкерлер секілді сот отырысының хатшыларына да қойылатын талаптар әрдайым жоғарылап отырады.

Сот отырысының хатшысы - сот отырысының хаттамасын жүргізетін, қылмыстық іске мүдделі емес мемлекеттік қызметші. Сот отырысының хатшысы өзі хаттамалауды қамтамасыз етуі қажетті барлық уақытта сот отырысы залында болуға және сот отырысына төрағалық етушінің рұқсатынсыз кетпеуге, хаттамада соттың іс-әрекеті мен шешімін, соттың отырысына қатысушы барлық адамдардың өтініштерін, қарсылықтарын, жауаптарын түсініктемелерін, сондай-ақ, сот отырысының хаттамасында көрсетілуге, басқа да жағдайларды толық және дұрыс жазуға тиіс. Сонымен бірге, сот отырысының хаттамасын белгіленген мерзімде дайындауға, жабық сот отырысына қатысуына байланысты өзіне белгілі болған мән-жайлар туралы мәліметтерді жарияламауға міндетті.

Сот отырысының хатшысы сот отырысы хаттамасының толықтығы мен дұрыстығы үшін дербес жауап береді. Дұрыс емес не шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтерді сот отырысының хаттамасына қасақана енгізген жағдайда хатшы заңда көзделгендей жауапты болады. 

Сот отырысы хатшысының жұмысы күрделі, көп салалы, сөйте тұра қызықты да. Хатшы тараптардың сот отырысына келуін қамтамасыз етіп, істерді ресімдеп, сот актілері мен басқа да құжаттарды іс жүргізу нұсқаулығына сәйкес сатыларға жолдайды. Сот процесінің өз уақытында өтіп, тараптардың бірдей қатысуы сот отырысы хатшысының жұмысты дұрыс ұйымдастыра білуіне, жауапкершілігіне, біліктілігі мен ұқыптылығына байланысты. Сот отырысының хатшысы әдепті, білімді, қарапайым болумен қатар, арызданып келген халыққа өз құқықтарын қысқаша түрде түсіндіріп, сот төрелігінің әділдігіне, мемлекеттің мүддесіне қызмет атқаратындығына сендіре білу керек.

Сот отырысы хатшысының маманы – бұл жас заңгердің мансабына жақсы бастау, осы лауазым әркезде бастамашылық және адалдыққа ұмтылуды көрсете білетін белсенді және мақсат қоя алатын қызметкерлерге лайық. Тұрақты ой-өріс қабілетін, талдауды, оқуды талап етеді, әр күнде өсуге және дамуға мүмкіндік береді. 

 

«Сот кабинеті» ақпараттық жүйесі.

Қазақстан Республикасының азаматтары мен заңды тұлғалары үшін сот жүйесіне қолжетімділікті арттыру және оңтайландыру мақсатында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Интернет-ресурсында «Сот кабинеті» ақпараттық жүйесі іске қосылды. «Сот кабинетін» қолдану - сот жүйесінің халыққа барынша қолжетімді болуына үлкен септігін тигізеді және азаматтардың уақыты мен бюджет қаржысын үнемдейді.

 

Қазіргі заманғы жаңа технологияны сот жүйесіне енгізу, оны кеңінен халыққа түсіндіру арқылы қолдану соттағы іс жүргізуді жеңілдетеді, бюрократтық кедергілерді жояды, сотқа құжат тапсыру үшін ұзақ кезекке тұруды азайтады, сот жүйесінің қызметкерлері мен адамдар арасындағы құжаттарды қолма-қол алу, беру секілді тікелей қарым-қатынасты мейлінше азайтады.

 

                             «Гибридтік электрондық пошта»      

Сот жүйесінде азаматтар үшін жасалған қолайлылықтың бірі ретінде «Гибридтік электрондық пошта» пилоттық жобасының іске асырыла бастауын айтуға болады. Бұл- жергілікті соттардың жұмысын, пошталық жөнелтілімдердің автоматты түрде жеткізіліп, сот мәжілісіне қатысушылардың уақытылы келулеріне жағдай жасайды.

Жоғарыда аталған ақпараттық жаңа технологиялар арқылы сот саласы халыққа ашық әрі қолжетімді. Ендігі мақсат осы жаңа технологияларды жұмыс барысында дұрыс, тиімді пайдалану, игеру.

 

 

Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сотының бас маман-сот мәжілісінің хатшысы

Төлеген Ердәулет.


Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

 Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Семь граней Великой степи

Семь граней Великой степи