Шетелдік компаниялардың өкілдері "KADEX - 2016" көрмесі туралы ойларымен бөлісті

Төртінші мәрте ұйымдастырылып жатқан «KADEX – 2016» көрмесіне әскери өнім өндіретін әлемнің жетекші кәсіпорындары өз өнімдерін ұсынуда. Іс-шара барысында көрмеге қатысушы компаниялардың  өкілдерімен пікірлесудің сәті түсті.

Айман Машока, Иордания, «Jadara equipment and defence company» бас директоры:

–Көрмеге биыл алғаш рет қатысып отырмыз. Бұл бірінші кезекте озық қару-жарақ пен техниканың жеткізілуі мен шығарылуына миллиондаған келісімшарттар жасалатын іскерлік алаңы.

Біз «Nasahshab» деп аталатын жақыннан ұрыса алатын бірегей және нақтылығы жоғары портативті қаруды ұсындық. Ол барлық заманауи стандарттарға сай келеді. Оны жасауға қазіргі заманғы технология қолданылған. Қару замануи ауыр брондалған танкілерді және брондалмаған көліктік құралдарды, сондай-ақ бекіністер мен бункерлерді жоя алады. Бұл жерде осы сияқты өзге елдердің әскери өнімінің жаңа үлгілерімен танысып, олардан тәжірибе жинақтап, нәтижесінде өз мүмкіндіктерімізді арттыруға әбден болады.

Юрий Зайцев, Ресей, Аэромаш, Өндірістік технологиялар мен авиациялық машина жасау тобы, ЖАҚ  :

–       Біз бұл халықаралық көрмеге бірінші рет қатысып отырған жоқпыз. Қазақстанда осымен төртінші рет ұйымдастырылып отырған «KADEX-2016» халықаралық көрмесіне ұшақтар мен тікұшақтар үшін процедуралық мамандандырылған және кешенді тренажерларды және ұшу басқару тобының тренажерларын ұсынып отырмыз. Осы орайда өз өнімімізді көрсете отыра, іскерлік байланыс орнатамыз деген ойдамыз. Мұндай ауқымды шаралар керек-ақ. Қазақстан жерінде араға екі жыл салып, өтетін бұл көменің маңызы зор деп білемін.

 

Константин Кутсос, Грекия, «Miltech hellas sa» компаниясының президенті:

–Көрмеге бірінші рет қатысып отырмыз. Бұл көрме дәстүрге айналып келе жатыр. Мұндай ауқымды шараның өтіп жатқаны өте қуанышты жағдай. Оның артықшылығы әр елден келген компаниялар өз қорғаныс саласындағы әскери техникалары мен мүліктерін көрсетілімге қоя алады. Соларды көрсету арқылы өздерінің қорғаныс саласындағы жетістіктерін байқатады. Мені қызықтырғаны, әуедегі ұшу топтары ұшақ­тарымен өз өнерлерін көрсетіп бізді таң-тамаша қал­дырды. Қазақстандық бронды техни­ка­лар да көпшілік назарын аудар­ды. Әлемдік қару-жарақ өнді­ру­шілер тарапынан Қазақстанның қорғаныс-өнеркәсібі кешеніне қызығушылықтың артқаны байқалады.

–Парвин Патах, Үдістан, BrahMos Aerospace компаниясының бас менеджері: (Үндістан)

–Көрмеге алғаш рет 2014 жылы қатысқан болатынбыз. Сол кезде мол әсер алып қайттық. Жыл сайын іс-шара өте жоғары деңгейде ұйымдастырылады. Биыл да көрмеге өзіміздің әскери техникалардың әр түрін көрсетілімге қойдық. Соның ішінде дыбыстан жылдам әмбебап қанатты ракеталарды атап өткім келеді. Оның жылдамдығы 290 км. Ракета әскери-теңіз, құрлықтағы және әуе кемелері негізінде кез келген түрдегі платформадан жіберілуі және кез келген құрлықтағы әскерде қолданылуы мүмкін. BrahMos жүйесі қазіргі уақытта үндістанның қарулы күштерінің құрамында бар.

Сергей Герасименко, Украина, «МОТОР СИЧ» тікұшақ өндірісі АҚ директорының орынбасары:

–Көрмеге бірнеше компания өздерінің қару-жарақ және әскери техника, ІT-технологиялар, байланыс, құ­ры­лыс және медициналық мүлік­терін ұсынып отыр. Бұл әр елдің бір-бірімен ынтымақтастық қарым-қатынастарын нығайтуға септігін тигізеді. Біздің компания азаматтық және әскери мақсаттағы тікұшақтардың макеттері мен әскери және азаматтық авиацияға арналған қозғалтқыштарын көрсетеді.

Александр Секацкий, Белорусия, «МОГОТЕКС» компаниясы директорының орынбасары:

–Бұл бүкіләлемдік көрменің арқасында көрмеге қатысқан елдердің өзара қарым-қатынастары нығайып, мемлекетаралық сауда-саттық дамиды.Біздің компания ТМД елдерінің арасында жоғары сапалы маталардың өндірушісімен жеткізушісі болып табылады. Әлеуетті күштер мен күзет құрылымының қызметкерлеріне арналған формалы киімдер, жейделер тігіп шығарамыз. «KADEX-2016» жетекші шетелдік және отандық тауар өндірушілермен әскери-техникалық ынтымақтастықты жақсартуға ықпал етіп, әрі қарай сатып алу үшін өнімнің түрлерін айқындауға мүмкіндік туғызбақ. Көрменің мәні мен мазмұны жыл сайын артып келеді.

Бланкина Галина, Қазақстан, «Galex Plus» Саран тігін-тоқыма фабрикасы директоры:

– Бұл көрмеде Отандық өнімдердің көптеп қойылуы мені қуантты. Енді уақыт өте келе Қазақстан әскери техникалардың озық үлгілерін өзі шығаратындығына сенімім мол. Оған қабілет те, қауқарымыз да жететіні сөзсіз. Сондай-ақ, жеңіл өнеркәсіп саласында тігін және тоқыма киімдердің маңызы зор. Дәл осындай функционалды және сапалы киімді біздің фабрика жасап шығарады. Шетелдік компаниялармен иық тірестіріп жұмыс істейтін күнде алыс емес сияқты.

Шамистан Девришев, Түркия, «Ozti” компаниясының бас директоры:

–       Екі жылда бір өтетін бұл көрме бүгінде дәстүрлі шараға айналып үлгерді. Мұндай игі шараны өткізу әрине дұрыс деп ойлаймын. Көрмеге келген әр компаниялар өзінің өндірген өнімін таныстырайын, тәжірибе алмасайын, келісімге келейін деген сияқты мақсат жатады. Сол себепті осы шара бізге берілген үлкен мүмкіндік деп білемін. 


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"