Шалғай орналасқан гарнизондарда тұратын әскери қызметшілердің балалары жаз мезгілін жаңа лагерьде өткізеді

Ағымдағы жылғы 10 маусымнан бастап Алматы қаласы мен Алматы облысының Панфилов кентінде Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Армия орталық спорт клубының оқу-жаттықтыру орталықтары базасында шалғай орналасқан гарнизондарда тұратын әскери қызметшілердің балалары үшін  «Жас сарбаз» әскери-спорттық жиыны ұйымдастырылады.

Жиын 12 мен 15 жастағы балалар үшін ұйымдастырылатын болады. Лагерьдің әрбір ауысымы 10 күнге созылады. Жиынға Гвардейск, Аягөз, Үшарал, Сарыөзек және Приозерск гарнизондарында тұратын балалар қатысады. Барлығы бес ауысым ұйымдастыру жоспарлануда.

«Жас сарбаз» әскери-спорттық жиыны бағдарламасында мәдени-тынығу және спорттық іс-шаралардың кең түрі жоспарланған. Олардың қатарында Алматы шаһарының көрікті жерлеріне саяхат жасау, концерттік бағдарламаларды, әртүрлі ойын-сауық байқауларын өткізу, шебер сынып өткізе отырып, АОСК-ның танымал олимпиадалық спортшыларымен кездесу де бар. 

Бұдан басқа, балалар үшін Панфилов кентіндегі АОСК-ның оқу-жаттықтыру орталығына бір күндік экскурсия жоспарланған. Ол жерде ҚР ҚМ Армия орталық спорт клубының білікті нұсқаушылары кедергілер жолағын еңсеру, әртүрлі спорттық снарядтардағы жаттығулар бойынша сабақ өткізеді. Сондай-ақ арқан саябағында скалодром мен пейнтболдағы сабақтар бойынша шебер сынып өткізеді.  
Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"