Сервисті тұтынушылар саны артуда

Республика соттарында жаңа ақпараттық технологиялық сервистер, яғни  «Сот кабинеті», «Мобильді сот кабинеті», «Сот отырыстарының дыбыс-бейне жазба құрылғысы» және  «Электронды сот төрелігі», сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының сот істерін цифрландыру мақсатында «Ахуалды орталық» іске қосылды.

Соның ішінде «Сот кабинеті» сервисіне тоқталар болсам, бүгінгі таңда азаматтардың басым бөлігі «Сот кабинетінің қызметіне жүгінеді. Себебі, аталған сервистің азаматтарға және өкілдерге талап арыздарды және басқа да арыздарды беруге, тұлғаларды сотқа жүгіну жолдарын жеңілдетуге, азаматтардың құралдары мен уақытын үнемдеуге зор мүмкіндік туғызғаны анық. Бұдан басқа, процесске қатысушылар азаматтық істің қозғалысын дербес бақылай алады. Электрондық жүйе тұрғындардың сот жүйесіне қол жетімділік деңгейін айрықша көтеруге мүмкіндік берді. Бұдан басқа тұтынушылар арыз-шағымды жолдап қана қоймай, сот құжаттарымен танысуға, мемлекеттік бажды онлайн режиминде төлеуге, сот бұйрықтарын басып шағарып алуға зор мүмкіндіктер алды.

Бұған қоса, аталған ақпараттық жүйені жетілдіру мақсатында «Сот кабинеті» мобильдік қосымшасы іске қосылды. Бұл сервис арқылы сот жүйесіндегі жаңалықтармен танысу, онлайн түрінде тағайындалған сот отырысы туралы ақпараттар алу және «Сот кабинеті» веб-сервисі арқылы сот органына жолданған барлық құжаттарды телефон құрылғысына жүктеу, сот органына жолданған сот құжаттарының мән-жайын бақылау, хабарлама алу мүмкіншіліктері бар екенін де еске салған жөн. 

Сонымен қатар, Республика соттарында ақпараттық технологияларды белсенді түрде қолданудың нәтижесінде бұқараның басым бөлігінің қағазбастылық пен соттардағы ұзын-сонар кезектен арылып, үйлерінен шықпай-ақ сот төрелігіне қол жеткізуге мүмкіндік беретін заманауи жобалардың игілігін көріп отырмыз. Нәтижесінде еліміздің барлық соттарында арызды беру және тіркеу сатысынан бастап, заңды күшіне енген сот актісін орындауға жібергенге дейін сот ісін жүргізу процесі түгелдей дерлік электронды форматқа көшірілді.

Республикадағы барлық соттардың қызметі туралы үш тілде (қазақ, орыс, ағылшын) ақпарат ұсынатын Жоғарғы    Соттың www.sud.gov.kz ресми веб-сайты азаматтардың сот қызметін электронды сервис арқылы алуына оңтайлы мүмкіндік туғызды.

 

Қ.ЕЛДАШБАЕВА

Ақтау гарнизоны  

        әскери сотының

                                                  бас маманы


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"