Сержанттар корпусы - армия негізі

Жуырда «Оңтүстік» өңірлік әскерлері қолбасшылығының бастауымен «Отар» 40-әскери базасында «Үздік мамандар» мен «Үздік сержанттар» сайысы өткізілді.

 Аталған сайысқа біздің әскери бөлімнің келесі сержанттар құрамы өз дайындығын көрсетуге қатысты: ефрейтор О.Базарбаев, кіші сержант А.Кемелбеков, ефрейтор Н.Қаработаев, сержант Б.Исабеков, қатардағы жауынгер А.Уразбаев, қатардағы жауынгер Ж.Алдабергенов, кіші сержант Е.Ажибеков, аға сержант Ғ.Дауылбаев, сержант А.Болтаев, кіші сержант Е.Бақытжанов, сержант Н.Даулетов, сержант Болатұлы Ақжол, 3 сыныпты сержант Н.Даулетов және 3 сыныпты сержант М.Жақсыбеков.

Қазіргі таңда сержанттар корпусы – біздің Қарулы Күштеріміздің ажырамас негізі болып табылады. Сержанттар құрамын кәсіби тұрғыда дайындау, біліктілігін арттыру бүгін еліміздің Қарулы Күштерін дамытудың басымдық бағыттарының бірі. Жоғары кәсіпқойлық пен біліктілік сияқты қасиеттер болған кезде ғана сержанттар бағынысты жеке құрамды сапалы оқытып, оларға басшылық ете алады.  

Аталған сайысқа қатысушы сержанттар құрамын 35748 әскери бөлімінің сержанттар құрамымен жұмысы бойынша қызметінің бастығы – бригада сержанты 2 сыныпты сержант Б.Ратов бастап алып барған болатын.

Айта кетерлігі,   2 сыныпты сержант Б.Ратовтың методикалық сапалы дайындығының арқасында, «Оңтүстік» өңірлік әскерлер қолбасшылығының әскери бөлімдерінің арасында – біздің сержанттар «Үздік» жүлделі 1-орындарға ие болды.

Сержанттар өздерінің атқарып отырған лауазымдарының көлемінде әскери білімдерін, практикалық кәсіби деңгейін, біліктілігі көрсете білді.

Майор Э.Жұмашова


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"