Сенат депутаттары Ұлттық қорғаныс университетіне барды

Халықаралық қатынастар, қорғаныс пен қауіпсіздік жөніндегі комитеттің көщпелі отырысы шеңберінде Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары халықаралық қатынастар, қорғаныс пен қауіпсіздік жөніндегі комитет төрайымы Дариға Назарбаеваның жетекшілік етуімен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетіне барды.

Сенаторлардың назарына кафедралардағы оқу зертханалары ұсынылды. Онда қазіргі уақытта оқытудың жаңа үлгілері мен әдістерін енгізу жүргізіліп жатыр. Зертханаларда қатысушылар шынайы уақыт режімінде графикалық, мәтіндік, мультимедиялық ақпаратпен алмасады, жұмыс картасын жүргізеді және әскери құрамалар мен бөлімдерді қалай басқару екендігі туралы шешім қабылдайды. Одан басқа, депутаттарға заманауи, әлемдік және ұлттық монографиялармен, оқу құралдарымен, киберсоғыс, арнайы операциялар күштері, желілік орталық соғыс, жаңа үлгідегі соғыстар, будандас соғыстар, сондай-ақ өздерінің күшімен әзірленген әдебиетпен ұдайы толықтырылып отыратын университеттің кітапхана қоры ұсынылды.
Сапар барысында Комитет өкілдеріне Әскери ғылыми-зерттеу орталығы көрсетілді. Онда қазіргі уақытта отандық қорғаныс-өнеркәсібі кешенінің қуатында әрі қарай дайындау үшін келешекті ескере отырып, қару-жарақ пен әскери техниканың заманауи түрлері мен үлгілері бойынша әзірлемелер жүргізілуде. Әскери ғылымның перспективалық зерттеулерімен танысып, университеттің ғалымдары және докторанттарымен кездесіп, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының халықаралық қатынастар, қорғаныс пен қауіпсіздік жөніндегі комитет төрайымы Д. Назарбаева құрметті қонақтар кітабында жазба қалдырды.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"