Сенім мен қауіпсіздік шаралары

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі ЕҚЫҰ-мен серіктестікте сенім мен қауіпсіздік шараларын нығайтудың Вена құжаты бойынша кезекті өңірлік курс өткізді.

Іс-шараға ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-лейтенант Талғат Мұхтаров қатысты. Қатысушылар алдындағы сөз сөйлеуі барысында ол Вена құжаты ынтымақтастық, транспаренттілік, сенім мен тексеру режімі әрқашан тән болған ЕҚЫҰ қызметі әскери-саяси өлшемінің маңызды аспаптарының бірі болып табылатынын атап өтті. Семинар жұмысына Әзірбайжан, Беларусь, Венгрия, Германия, Италия, Қазақстан, Қырғызстан, Моңғолия, Тәжікстан, Түркіменстан және Франция Қарулы Күштерінің өкілдері қатысты.

Семинар аясында шетелдік меймандарға Астана қаласында орналасқан әскери бөлімнің біріне таныстыру экскурсиясы ұйымдастырылды. Онда әскери қызметшілер қарусыз және оны қолдана отырып, қоян-қолтық ұрыс айла-тәсілдерін паш етті. 2006 жылдан бастап Қазақстанда ЕҚЫҰ әскери-саяси өлшемінің әртүрлі тақырыбы бойынша 10-нан аса курстық және семинар сабақтары өткізілгенін айта кеткен жөн. Вена құжатының қатысушылары ЕҚЫҰ 57 мүше мемлекеті болып табылады. Оның мақсаты қарулы күштердің құрылымы, жеке құрамның, техника мен қару-жарақтың саны, қорғаныс пен әскери бюджеттер аясындағы жоспарлау туралы қатысушы мемлекеттер арасында жыл сайынғы ақпарат алмасу болып табылады. Құжатта ірі әскери қызмет жүргізілген жағдайда хабардар ету және түсініктемелер алу тетігі қарастырылған. Қатысушы мемлекеттер анағұрлым ірі әскери оқу-жаттығулар туралы ЕҚЫҰ байланыс желісі арқылы бір-бірін құлағдар етіп, оған қадағалаушыларды шақырады. Олар туралы ұсынылатын ақпараттың дұрыстығына баға беру үшін әскери құралымдарға барады және тексеріс жүргізеді.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"