Семейде жазықсыз жазалғандарды еске алды

   Бүгін Семейдің зиялы қауымы Қайым Мұхамедхановтың ескерткіші алдында 19-шы ғасырдың 1930-шы жылдарындағы саяси қуғын-сүргін және аштық құрбандарын еске алды.

   Қаралы митингке жиналған жұрт саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алып, бір минут үнсіздікте тұрды. Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімов,  

Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің профессоры Мұхтарбек Кәрімов, Қайым Мұхамедхановтың күйеу баласы Төлеген Мұханов 31 мамыр – ерекше тарихи мәнге ие күн екеніне тоқталды. 1927-1953 жылдары одақ бойынша 60 миллион адамның ашаршылыққа, жер аударуға, қуғын-сүргінге ұшырап, жазықсыз атылғанын айтты. Оның ішінде елімізде 103 мың адам қуғындалып, 25 мың адамның ату жазасына кесілгенін де еске салды. Әсіресе әке мен бала, яғни аса мейірімді, білімді, жомарт, ислам уағызшысы, алашордашы Мұхамедхан Сейтқұлов пен ақын, аудармашы, текстолог, қолжазбаларды жинақтаушы, әрі сақтаушы, драматург, педагог-тәлімгер, Абайтанушы Қайым Мұхамедханов туралы көп мағлұмат берілді. Ақындар шеруі өтіп, қалалық мәдениет сарайының жас ақындары саяси қуғын-сүргін құрбандарына бағыштаған өлеңдерін де оқыды.

   Нәубет жылдарды еске алуға арналған шараның соңында көрнекті ғалым Қайым Мұхамедхановтың рухына тағзым етіліп, ескерткішіне гүл шоқтары қойылды. «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы атынан ҚР Қарулы Күштерінің ардагері, Анголадағы жауынгерлік қимылдарға қатысқан запастағы генерал-майор Александр Мартынов пен «Шығыс» өңірлік әскерлері қолбасшысының бірінші орынбасары – штабтар бастығы полковник Талғат Исмаилов қатысты. 


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"