«Секталардан келетін қауіп-қатер нашақорлықтан кем емес»

Талдықорғандық әскери қызметкерлерге секталық ұйымдардан келер қауіп-қатер түсіндірілді.

Алматы облысы Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің жеке құрамына құрылымды бұзатын идеялардың кіруіне жол бермеу және алдын алу шаралары өтті. Талдықорған гарнизоны әскери полициясы бөлімінің аға офицері капитан Нұрбол Зейтенов деструктивті діни ұйымдарға тән ерекшеліктерді атап өтіп, жеке құрамның адамдармен араласуда мұқият болуларын сұрады. Тыйым салынған ұйымдарға қатысы болған жағдайда ҚР Қылмыстық Кодексінің 255, 256, 257, 259, 260 баптары бойынша жауапқа тартылатындарын ерекше ескертті. Оның мәліметінше, осы күнге дейін Алматы облысы бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілер арасында экстремистік, террористік ұйымдарға қатысы бар адамдар анықталмаған.

-       Секталардан келетін қауіп-қатер нашақорлықтан кем түспейді. Ғалымдар секталық жиналыс кезінде қаннан бөлініп шығатын эндорфин гормондары адам ағзасына есірткі және психотропты заттардың әсерімен бірдей болатынын дәлелдеген, - деді өз кезегінде сөз алған капитан Н.Зейтенов.

Оның айтуынша, адамның есірткіге әдеттенуін адамның секта ортасына үйренуімен салыстыруға болатын көрінеді. Санаға бақылау жүргізу арқылы секта көшбасшылары өздерінің ізбасарларын толық бағындырады. Мұндағы басты қағида – орнын, уақытын табу және адамның психологиялық жағдайына ене білу.

Сектаға жаңа кірген адамның көзқарасы онда ұзағырақ болғандарға қарағанда мүлдем бөлек болатын көрінеді. Оның ұйымға тезірек үйреніп, сіңіп кетуі үшін мүшелері барын салып, оны барынша қолдаумен болады. Мұндай қарым-қатынасқа зәру адам өзге қажеттіліктері мен тілектерінен бірден бас тартып, жаңа ортаға тез бейімделе бастайды. Осылайша отбасының орнын секта алмастырады.

Әлем бойынша секталық ұйымдардың санын дөп басып айту қиын, шамалап айтсақ, бірнеше мыңнан асып та кетеді. Америкалық әлеуметтанушылар өз еліндегі сектаның санын 3 мыңнан асып жығылатынын, ондағы адам саны 11 млн-ға жеткенін айтып дабыл қағуда.

Өкініштісі сол, Қазақстанда да астыртын жұмыс жүргізіп, қатарларын толықтырып жатқан секталық ұйымдар көбеймесе азаяр емес. Алаңдатарлығы, олардың құрамына кіретін 2 млн-ға жуық адам 25 жасқа дейінгі жастар екені анықталды. Әсіресе, үлкен қалаларда дәстүрлі емес дін өкілдері белсенді түрде жұмыс жүргізуде.

Олар адамдарға сананы бақылау арқылы психологиялық тұрғыдан әсер етеді. Жұбату, көңлін аулау, жылы сөздер айту сияқты жан тебірентерлік «әдістер» кімді болса да қармаққа оңай іліндіреді. Әсіресе, жастар жағы мұндайға сенгіш келеді. Ал секталар жастарға зәру, сондықтан басымдықты соларға береді. Нәтижесінде сана-сезімін сектаға билеткен жастар оқуын, жұмысын, отбасын тастап, «белгісіздіктің» құрбанына айналады.

Сектаның құрбанына айналған адамды қалыпты өмірге қайтару біраз күш-жігерді талап етеді. Ең бастысы, ашық дауласып, ұйымның жұмысының қисынсыз екенін айтып нандырудан аулақ болған жөн. Оған қоса, өз пікіріңізді өзгертіп, сізге сол ұстанымның ұнайтынын, қолдайтындай жасанды әрекеттерге баруға да болмайды. Ондай жағдайда шыдамдылық танытып, бұрынғы қарым-қатынасты сақтап қалуға тырысу қажет. Махаббат пен аяушылық басым болған жағдайда «зомбиланған» адамнан бұрынғы таныс тұлға көріне бастайды. Екіншіден, сектадан шығару үшін кеңес алу бойынша психологтың, арнайы маманның көмегіне жүгінген жөн.

Дертпен күрескеннен гөрі оның алдын алған жөн. Бұл тұрғыдан арнайы орталықтар бұқара халық үшін тыйым салынған ұйымдардан келер қатер туралы жадынамалар, қалта кітапшаларын, анықтама материалдарын шығарып, таратқан жөн.

Ал әскери қызметшілермен осы тақырыпта жиі лекциялар өткізіп, сауалнама жүргізіп, арнайы дін мамандарымен кездесу өткізіп отыру абзал.

Әр азаматтың қырағылық, сақтық танытуы, әр іске жауапкершілікпен қарауы еліміздің бейбітшілігі мен тыныштығын сақтауда маңызды рөл атқарады. Елімізде заң талаптарын қатаң сақтаушылар үшін еш кедергі жоқ. Ал қоғамға іріткі салып, елдікті бұзуға талпынғандар қатаң жазаланып, тиісті жауапкершілікке тартылатынын ескерген жөн.  

 

Лейтенант Жанар Амержанова

Алматы облысының ҚІД баспасөз қызметінің бастығы

 


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"