Сарбаздарды шығарып салды

Сарбаздарды шығарып салды

   «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының 44736 әскери бөлімінде ҚР Қарулы күштеріндегі белгіленген мерзімді қызметтерін өткерген 2016 жылдың екінші шақырылымындағы 20 жауынгерді әскер қатарынан шығарып салу салтанаты өтті.

Әскери бөлімнің плацында оқтай тізілген жауынгерлерді бөлім командирі подполковник Сәбит Әзірбайұлы Үркінбаев құттықтады. ҚР Қарулы күштеріндегі белгіленген мерзімді қызметтерін өткерген 2016 жылдың екінші шақырылымындағы жауынгерлерді әскер қатарынан шығарып салу және қызметтік парызын атқаруда ерекшеленген сарбаздарды марапаттау туралы бұйрыққа сәйкес, қатардағы жауынгерлер Бекзат Құттыбек, садақ атудан спорт шебері Айбол Аманбай, Руслан Мұсабеков, еркін күрестен спорт шеберлігіне үміткер Ислам Битоқанов, Бекжан Сауытбек, Бекжан Оралбеков, еркін күрестен спорт шеберлігіне үміткерлер Нұрсұлтан Абдуғалиев пен Мұхтар Мұханов алғыс алды. Жауынгерлік дайындықта жеткен жетістігі мен үлгілі әскери тәртібі және Отан алдындағы борышын жауапкершілікпен адал орындағаны үшін қатардағы Айдос Ақылқожа, қатардағы Бауыржан Шәріпов, қоян-қолтық күрестен спорт шеберлігіне үміткер қатардағы Әли Оңдасынов, қатардағы Әділхан Нұрлан, қатардағы Берік Әділбек, қатардағы Арнұр Абдулзах, қатардағы Турганжан Қуанов, қатардағы Медеу Тойынбаев, қатардағы Фархат Ынтықбай, қатардағы Жанбатыр Бейсекеев мақтау грамотасымен марапатталды. «Жауынгерлік сайыстың үздігі» вымпелі қатардағы Әділхан Нұрланға, қатардағы Ислам Битоқановқа, қатардағы Бекжан Сауытбекке табыс етілді. Әскери-спорттық кешеннің талаптары мен нормаларын толық орындағаны үшін «Спортшы-әскер» төсбелгісі мерзімді қызметтегі қатардағы Әли Оңдасыновқа, мерзімді қызметтегі қатардағы Руслан Мұсабековке, мерзімді қызметтегі қатардағы Мұхтар Мұхановқа, мерзімді қызметтегі қатардағы Бекжан Сауытбекке, мерзімді қызметтегі қатардағы Нұрсұлтан Абдуғалиевқа, мерзімді қызметтегі қатардағы Бауыржан Шәріповке, мерзімді қызметтегі қатардағы Әділхан Нұрланға, мерзімді қызметтегі қатардағы Турганжан Қуановқа берілді.  
   Мінбеге оқ ату мен қолдау ротасының командирі аға лейтенант Ербол Нүсіпбеков, арнайы мақсаттағы реактивтік батарея командирі майор Досым Дарханов, сержант Гүлжан Жәшібаева шығып, ізгі тілегін жеткізді. Сондай-ақ, қатардағы Әділхан Нұрлан мен қатардағы Руслан Мұсабеков 2016 жылдың екінші шақырылымындағы барша сарбаз атынан зор алғысын білдірді. Салтанат соңында сарбаздарға бір жылдың көлеміндегі әскери іс-шаралар мен оқу-жаттығуларынан естелік ретінде фотоальбом таратылып, естелікке суретке түсті.

Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

«Қарағай» мен «Ақтерек» станциялары

«Қарағай» мен «Ақтерек» станциялары

Инфографика: основные причины ДТП

Инфографика: основные причины ДТП