Сарбаздар онлайн-режимде ата-аналарымен байланысқа шыға алады

Қазақстанның әрбір өңірінен Ұлттық ұлан қатарына шақырылған сарбаздар онлайн-режимде ата-аналарымен байланысқа шығады, деп хабарлайды ҚР Ұлттық ұланының баспасөз қызметі. Аталмыш шара әскерде өтіп жатқан «Жауынгерлік жанұядай ұйысқан, Ұлттық ұлан - елі мен халқына қорған!» атты акция аясында ұйымдастырылып отыр.

«Байланысқа алғашқы болып әскери қызметке Қостанай облысынан шақырылған сарбаздардың ата-аналары 29 шілде күні сағат 11.00-де қосылмақ. Осы күні 100-ден аса ата-ана ҚР Ұлттық ұланының 6697 әскери бөліміне (Қостанай қ.) келіп, Отан қорғаушылардың өмірімен, тұрмыстық жағдайымен танысатын болады», делінген хабарламада.

Шараға Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары генерал-майор Мұхаметқали Сатов, Қостанай гарнизонының әскери прокуроры, облыстың Қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығы, сонымен қатар 2015 жылғы желтоқсан мен 2016 жылғы маусымда Қостанай облысынан шақыртылған жауынгерлердің жақындары қатысады.

Өрсетілген уақыт аралықта облыстан Ұлттық ұланға әскердің қыр-сырын меңгеру үшін барлығы 600-ден аса жас өркен аттанған.

Өткен аптада Ұлттық ұланда бастау алған «Жауынгерлік жанұядай ұйысқан, Ұлттық ұлан - елі мен халқына қорған!» атты акция аясында әскери-патриоттық бағыттағы көптеген іс-шаралар өткізу жоспарланған. Соның бірі - Ұлттық ұлан басшылығы мен әскери бөлім жетекшілерінің сарбаз ата-аналарымен кездесуі және оларға перзенттерінің әскери борышын қандай жағдайда өткеріп жатқандығын өз көздерімен көруге жасалған мүмкіндік.

Кездесу барысында ата-аналар алдында Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары генерал-майор Мұхаметқали Сатов сөз сөйлеп, қоғамдық тәртіп әскерінің жауынгерлік қызметі мен атқаратын міндеттері жайлы түсіндіріп, көпшіліктің көкейінде жүрген сауалдарына жауап береді. Сондай-ақ, қонақтардың назарына балаларының сәлемдемесі жолданған бейнежазбалар ұсынылып, перзенттері қызмет атқарып жатқан әскери бөлімнен тікелей байланыста хабарласуға мүмкіндік туады. Тағы бір айта кетерлігі, шарада Ұлттық ұланның әскери бөлімдеріндегі Әйелдер кеңесінің контактілері беріледі, осы нөмірлер арқылы ата-аналар алдағы уақытта ұлдарының қызметі қалай өтіп жатқанын өздерінен біле алады.

Мұнан бөлек, ата-аналарға әскери бөлімге экскурсия ұйымдастырылуда, яғни олар бөлім аумағын, сарбаздардың жатын орнын, асханасын, медициналық лазаретін көріп, қару-жарақ және техникасын да тамашалайды.

Айта кетейік, бұл шара Қазақстан Қарулы күштері арасында алғаш рет өткізілгелі отыр.

Тамыз басында аталмыш эстафетаны әскерге Ақмола облысынан шақырылған сарбаздардың ата-аналары жалғастырмақ. Жылдың соңына дейін осы тектес кездесулерді ҚР Ұлттық ұланының барлық әскери бөлімдерінде өткізу жоспарда бар.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"