Сән-салтанаты жарасқан шара

Үстіміздегі жылдың 19-қаңтары Гвардейск гарнизоны әскери бөлімдерінің тәрбие құрылымдары офицерлерінің Гарнизондық офицерлер үйінде өткізілген мерекелік салтанатты митингте бас қосуымен басталды. Бұл бас қосудың ерекшелігі – әр әскери бөлімнің патриоттық жастар клубтарының қатысушылараның да болуы.

Осы іс-шара барысында Ауған соғысы ардагерлерінің кеңесінің төрағасы қордағы подполковник Сейдіғаппар Нұсқабаев, Гвардейск гарнизонының Қарулы Күштер ардагерлер кеңесінің төрағасы Таласбек Терлікбаев және ақсақалдар кеңесінің төрағасы Мадышев аталарымыз бен Гвардейск гарнизонының әскери прокуроры әділет подполковнигі А.Ғазез өз тілектерін білдіріп, осы мекемелермен бірлескен іс-шаралар өткізуде ерекше көзге түскен тәрбиеші мырзалар мен ханымдарды марапаттап жатты.
40 «Отар» базасы бастығының тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары подполковник Е.Усманов баяндама жасап, өз баяндамасында әр әскери бөлімнің тәрбиеші-офицерлеріне тоқталып өтіп, үздіктерді атап өтті. 30212 әскери бөлімінен танк әскерлері әскери мектебі бастығының ТжИЖЖ орынбасары ұлан майоры Е.Қошқаровтың, тәрбие бөлімінің аға офицері ұлан майоры Р.Дәрменбаевтың, батарея командирінің ТжИЖЖ орынбасары ұлан лейтенанты С.Мұратханның сол үздіктер қатарынан табылғанын мақтанышпен айтып өткім келеді. Салтанатты митинг барысында өз қызметтік міндеттерін атқаруда танытқан ынта-жігерлері, адал қызметі үшін 40 «Отар» базасы бастығынан алғыстар, мадақтамалар тапсырылды.
Айтулы іс-шара Қордай ауданы әкімдігінің мәдениет үйінің өнерпаздары даярлаған концерттік бағдарламамен жалғасын тапты. Концертте басқа өнер адамдарымен бірге «Қордайдың Қарлығашы» деп еркелеп аталып кеткен, Қордай ауданының құрметті азаматы, Әміре Қашаубаев, К.Әзірбаев атындағы конкурстардың лауреаты Қожағазина Қарлығаш Көбесқызының болғанын айта кеткенді жөн көрдім.  
Әл-Фараби бабамыздың «Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың хас жауы» деп айтатыны бар емес пе?
Демек, ҚҰРМЕТТІ ТӘРБИЕ ҚҰРЫЛЫМДАРЫНЫҢ ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТШІЛЕРІ, ата-ана тәрбиесін, мектеп білімін, кейбірі тіптен, жоғары білім алып келген көзі ашық, көкірегі ояу сарбаздардың бойына ұлтжандық, патриоттық, рухани тәрбие беру қызметтеріңізде сәттілік пен шыдамдылық тілеймін! Бізге жастарға дұрыс тәрбие, бағыт-бағдар беру тапсырылды, соны дұрыс, әрі ұтымды іске асыра білейік! «Атадан бала тусайшы, ата жолын қусайшы» дегендей, атадан балаға мұра болып келе жатқан кең байтақ жетімізді қорғап қалатын  «нағыз отан қорғаушылар» тәрбиелейік!

Ұлан капитаны Г.Самашова
30212 әскери бөлімі

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"