Республикалық патриоттар форумы

Республикалық патриоттар форумы

онда «Сарбаз» газетінің ұжымы жыл патриоты атанды


Сәрсенбі біздің ұжым үшін мерейімізді асырған күн болды. Осы күні Астанада өткен республикалық патриоттар форумында «Сарбаз» газетінің ұжымы «Жыл патриоты» атанды.

 Қазақстан патриоттар форумы – 2007 жылдан бері еліміздің түкпір-түкпірінде өткізіліп келе жатқан бірегей шара. Үстіміздегі жылы айтулы форум 5 қараша күні Астанадағы «Қазақстан» орталық концерт залында өтті. Оған Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі мұрындық болды.

Мерекелік форумның ашылу салтанатында сөз сөйлеген Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы: «Мемлекеттік рәміздер мемлекетіміздің ең қадірлі, ең қастерлі символдары болып табылады. Аспан түстес байрағымыздың, Елтаңбамыздың және Гимніміздің әрбір элементінде Елбасының, сонымен қатар осы іске атсалысқан әрбір азаматтың Отанға деген махаббаты мен арман-мұраттары жатыр»,- деп атап өтті.

Салтанатты шараға Қазақстанның барлық өңірінен 200 делегат қатысты.

Олардың ішінде өз кәсібінің үздік өкілдері, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары, орталық мемлекеттік органдардың өкілдері, ұйым басшылары, этно-мәдени орталықтардың жетекшілері, үкіметтік емес және жастар ұйымдарының жетекшілері, еңбек ардагерлері мен зиялы қауым және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері бар.

Форум барысында қатысушылар өздерінің жетістіктері жайлы айтып, мемлекеттік рәміздер саласында атқарып жатқан қызметтері туралы өзара пікір алмасты.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысының «Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» Жарлығының аясында ағымдағы жылы Мемлекеттік Елтаңбамыздағы «Қазақстан» сөзін латын графикасында жазу туралы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық заңына өзгеріс енгізу бойынша тиісті жұмыстар жүргізіліп, Елбасы тарихи шешімге қол қойғандығы қатысушылар тарапынан аталып өтілді.

Айта кетейік, форум аясында «Жыл патриоты» атты жыл сайынғы байқаудың салтанатты қорытындысы шығарылады. Байқауда ерлік көрсеткен, сондай-ақ Отанға деген сүйіспеншілігін күнделікті еңбегімен, нақты істерімен дәлелдей білген қазақстандықтар марапатталады. Биыл «Жыл патриоты» аталымы түрлі салада еселі қызмет етіп, күнделікті еңбегімен және үлгілі ісімен халықтың ықыласына бөленген, мемлекеттік рәміздерді насихаттауда шынайы сүйіспеншілігін көрсеткен еліміздің 17 өңірінің азаматтарына бұйырды. Солардың ішінде «Сарбаз» газетінің ұжымы да «Жыл патриоты» атанды. Шара барысында әр өңірден келген ел азаматтарын және «Сарбаз» газетінің бас редакторы Батырхан Қуатбекті Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы «Жыл патриоты» номинациясымен марапаттап, бағалы сыйлықты табыстады.

Іс-шараның соңы отансүгіштік рухтағы концертке ұласты.

 

Суреттерді түсірген Ағыбай АЯПБЕРГЕНОВ

 


Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

 Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Семь граней Великой степи

Семь граней Великой степи