Радиоэлектроника және байланыс Әскери-инженерлік институтының курсанттары халықаралық олимпиадаға қатысты

Радиоэлектроника және байланыс Әскери-инженерлік институтының командасы Дилижан қ. (Армения Республикасы) Монте Мелконян атындағы Әскери-спорттық лицейде өткен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің жоғары білімінің әскери білім беру ұйымдарының курсанттары арасында шетел тілінен IV халықаралық олимпиадаға қатысты.

Олимпиада ТМД-ға мүше мемлекеттері қорғаныс министрліктерінің ұсыныстарына сәйкес өткізілуде. Сайыс Армения, Беларусь, Қазақстан және Ресейдің жоғары әскери оқу орындарында 2018 жылғы мамырдың ортасына дейін өтеді. Онда Достастық қатысушы мемлекеттері әскери ЖОО-лардың үздік курсанттары терең білімдерін, білімдарлықтары мен математика, информатика, әскери тарих, шетел тілі мен әскери-кәсіптік дайындық бойынша керемет қабілеттіліктерін паш етеді. Өткізілген IV халықаралық олимпиада қорытындысы бойынша Радиоэлектроника және байланыс Әскери-инженерлік институтының командасы шет тілі бойынша шешуші кезеңнің бейінді дайындықтары бар командалар арасындағы абсолюттік командалық біріншілікте үшінші орынды жеңіп алды. Олимпиаданы өткізу барысында сайыс қатысушылары үшін әртүрлі мәдени-танымдық бағдарламалар дайындалатынын айта кету қажет. Бұл қатысушыларға өздерінің зияткерлік және кәсіби қабілеттіліктерін көрсетіп қана қоймай, сонымен бірге, Достастық мемлекеттерінің мәдени-тарихи көрікті жерлерімен танысуға мүмкіндік береді. IV халықаралық олимпиаданың келесі кезеңі математикаға арналады және 2018 жылғы сәуірдің 2-і мен 6-ы аралығында Алматы қаласында Радиоэлектроника және байланыс Әскери-инженерлік институтының базасында өтеді.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"