Құттықтау

Құттықтау

1993 жылғы 19 қаңтарда Елбасының Жарлығымен
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде командирлердің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасарлары лауазымы енгізілді

Құрметті тәрбие құрылымдарының офицерлері!

 

         Тәрбие және идеологиялық жұмыстар органдары әрқашан ең маңызды және жауапты бағыттарда, қазақстандық патриотизмді дамытуда, әскери тәртіпті берік ұстауда, сонымен қатар жеке құрамның моральдық-психологиялық жағдайын қамтамасыз етуде қажырлы жұмыстар атқаруда.

         Сіздердің көпшілікке беймәлім, алайда аса маңызды еңбектеріңіздің арқасында жеке құрам әрқашан барлық тапсырмаларды сапалы орындауға дайын, әскердегі құқық тәртібі сақталып, ал қоғамда әскери қызметтің беделі күн санап артуда.

         Бүгінгі таңда тәрбие және идеологиялық жұмыстар органдары Қарулы Күштердегі жоғары жауынгерлік дайындықты қамтамасыз етудің маңызды тетігі болып табылады.

         Бұл тәрбие құрылымдарының негізін қалануына атсалысқан, ұзақ уақыт аралығында өз міндеттерін адал орындаған, сонымен қатар қазіргі заманғы кезеңде әскери қызметшінің бет-бейнесін қалыптастыру мен жетілдіру бойынша күнделікті жұмыс жүргізген барша офицерлер еңбегінің арқасы.

 

Офицер мырзалар!

 

         Мемлекет басшысы «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында Еуразияның дамуына ата-бабаларымыздың әскери өнердегі үлкен тарихи еңбегін атап өтті. Бүгінгі таңда біз – Ұлы даланың жауынгерлері ұрпақтарына лайықты болуымыз керек.

         Қарулы Күштердің дамуы үшін бізге Елбасы – Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы нақты тапсырмалар қойды. Оны жүзеге асыруда тәрбие және идеологиялық жұмыстар органының офицерлері маңызды рөл атқаратынына сенімдімін.

         Сіздерді тәрбие құрылымдарының кезекті мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын. Зор денсаулық, отбасы амандығын, жеке құрамды тәрбиелеу ісінде біліктілік пен Қазақстан Республикасына адал қызмет ету жолында толағай табыстар тілеймін!

                                                           ҚР Қорғаныс министрі Н.ЕРМЕКБАЕВ


Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

 Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Семь граней Великой степи

Семь граней Великой степи