Құттықтау

Генералдар мен офицер мырзалар, сержанттар мен сарбаздар,
Қарулы Күштердің жұмыскерлері мен қызметкерлері!

2018 жыл Қарулы Күштер тарихында табысты да жемісті жылдардың бірі болды. Елбасы – Жоғарғы Бас қолбасшының басшылығымен Қазақстан армиясы өзінің жауынгерлік қуатын нығайтып, қарқынды дами түсуде.

Көптеген оқу-жаттығулар, оның ішінде «Батыс – 2018», «Жауынгерлік бауырластық» және «Бейбіт миссия», ауқымды жауынгерлік парад, Армиялық халықаралық ойындарда сәтті өнер көрсету, Жоғарғы Бас қолбасшының кубогына қоян-қолтық ұрыстан танымал турнирдегі жалпы есептегі жеңіс, БҰҰ-ның бітімгершілік миссияларына қатысу Қарулы Күштерімізді ұдайы жетілдірудің жарқын көрсеткіштері болып табылды.

Осы жетістіктерге мыңдаған әскери қызметші мен азаматтық персоналдың еңбегінің арқасында қол жеткізілді, олар жер бетінде, әуеде және теңізде еліміздің қорғаныс қабілетін нығайтып, өз кәсіби шеберлігін арттырып, Отанымызды қорғауға ұдайы әзірлікте тұрады.

Ел басшылығы тиімді қызмет етуіміз үшін барлық жағдайды жасауда. Әскерлер қару-жарақ пен әскери техниканың қазіргі заманғы үлгілерімен жарақтандырылуда.

Қарулы Күштерде Елбасының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауы іске асырылуда. Осының арқасында 2019 жылы Қарулы Күштердің 7 мыңнан астам азаматтық персонал өкілінің материалдық жағдайы жақсартылады.

Гарнизондарда әскери қалашықтардың инфрақұрылымын жетілдіру, спорттық, мәдени және әлеуметтік объектілерді салу бойынша ауқымды жұмыс жоспарланып отыр. 2200-ден астам әскери қызметшінің отбасылары «Әскери баспана» жаңа бағдарламасы бойынша тұрғын үй алу мүмкіндігіне ие болды.

Осы шаралар Қарулы Күштер жеке құрамының Отан алдындағы әскери борышын үлгілі орындауына ықпал етіп, 2019 жылға қойылған барлық міндеттерді толық ауқымда орындалатынына сенімдімін.

Құрметті әріптестер!

Сіздерді Жаңа 2019 жылмен құттықтаймын! Зор денсаулық, отбасыңызға амандық, ашық аспан және Отанымыз – Қазақстан Республикасының игілігі жолындағы қызметте табыстар тілеймін!


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"