Құттықтау

Генерал мен офицер мырзалар, сержанттар мен сарбаздар, құрметті әріптестер!

1 желтоқсан – еліміз үшін атаулы күн болып есептелінеді. Бұл күні 1991 жылы Қазақстан халқы Отанымыздың тарихындағы тұңғыш Президентті сайлап, өздігінен және тәуелсіз даму жолын таңдады.

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев егеменді Қазақстанның негізін қалаушысы ретінде еліміздің ұлттық бірлігі мен халықтың жұмылдырылуын қамтамасыз етті. Қаржы саласындағы реформалар, өндірістің жаңартылуы, шетелдік инвестицияларды тарту бойынша белсенді жұмыс экономикалық өсу мен азаматтардың әл-ауқатының артуының негізіне айналды.

27 жыл ішінде Тұңғыш Президенттің салиқалы және сарабдал саясатының арқасында Қазақстан бұрынғы кеңес республикасынан бастап әлемдік қоғамдастықта танымал тәуелсіз мемлекетке дейінгі жолдан өтті. Мемлекет басшысы жүргізетін ядроға қарсы бастамалар, шекаралардың межеленуі, кіріктіру процестері еліміздің айналасында сенімді «қауіпсіз белдеудің» құрылуын қамтамасыз етті.

Қазақстанның қарышты дамуында тәуелсіздік алған жылдары Тұңғыш Президентпен құрылған Қарулы Күштері айрықша орын алады. Елбасы Жоғарғы Бас қолбасшы ретінде саны жағынан аз, бірақ, мобильді, жақсы жабдықталған, жауынгерлік қабілетті және жоғары кәсіби армия құруға бағытты айқындап, бұлжытпай іске асырады.

Қарулы Күштердің бүгінгі жетістіктері Тұңғыш Президенттің есімімен тығыз байланысты. Жауынгерлер күн сайынғы ерен еңбектерімен мемлекеттің егемендігі мен аумақтық тұтастығын қамтамасыз етеді, миллиондаған қазақстандықтардың бейбіт жасампаз еңбегі үшін мүмкіндіктер жасайды.

 

Құрметті әріптестер!

         Сіздерді Тұңғыш Президент күнімен құттықтаймын. Зор денсаулық, ашық аспан, отбасыларыңызға амандық және Отанымыз - Қазақстан Республикасының игілігі үшін қызметте сәттілік тілеймін.

 

Құрметпен ҚР Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"