Құрметті Қазақстан Қарулы Күштері әскери-медициналық қызметінің әскери қызметшілері мен қызметшілері, ардагерлері!

Құрметті Қазақстан Қарулы Күштері әскери-медициналық қызметінің әскери қызметшілері мен қызметшілері, ардагерлері!

    Елбасы – ҚР ҚК Жоғарғы Бас Қолбасшысы «Қазақстан-2050» стратегиясында «ұлт денсаулығы – біздің табысты болашағымыздың негізі»
деп атап өтті.

Сіздерді кәсіби мереке – Медицина қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын. Осы күні біз жүрек қалауымен өз тағдырын қиын да күрделі, игілікті кәсіппен байланыстырған жандарды құрметтейміз. Адам өміріндегі маңызды құндылықтар – оның өмірі мен денсаулығын сақтаудағы аянбай жасап жатқан игілікті істеріңізге баға жетпейді.

Қазақстан әскери-медициналық қызметі Қарулы Күштердің тарихымен тікелей байланысты ұзақ та маңызды, қызықты оқиғаларға толы белестерден өтті. 1992 жылы отандық әскери медицинаның бастауы болған Қазақстан Қарулы Күштері Бас штабының әскери-медициналық басқармасы құрылды.

Бүгінгі күні Қарулы Күштерде әскерлерді медициналық қамтамасыз етудің көпдеңгейлі жүйесі құрылып, жұмыс істеуде. Медициналық
қамтамасыз етуді материалдық-техникалық қамтамасыз етудің бірыңғай жүйесіне интеграциялау процесі жүзеге асырылды. Медициналық қызмет
жеке құрамның денсаулығын сақтау мен нығайту, оларға қажетті
медициналық көмек көрсету және әскерлердің санитариялық салауаттылығын қолдау мақсатында жүргізілетін іс-шаралар кешенін орындаудың кепілі
болып отыр.  

Әскери дәрігерлерді, кіші медициналық персоналды, Қарулы Күштер медицина қызметінің ардагерлерін, барлық медициналық қызметкерлерді кәсіби мерекесімен құттықтаймын! Сүйікті ісіңіз қуанышқа, шабыт пен
жаңа қарқынға, ал әрбір күніңіз кәсіби өсу мен даму тұрғысынан жаңалыққа толы болсын. Зор денсаулық, бақыт, отбасыңызға амандық және
біздің Отанымыз – Қазақстан Республикасының өркендеуі жолындағы игілікті ісіңізде табыстар тілеймін!

 

 

Ізгі тілекпен,

генерал-полковник                                                  С. Жасұзақов

 

 

2018 жылғы 15 маусым


Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

 Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Хроника Независимости: 20 важнейших событий

Хроника Независимости: 20 важнейших событий