Құқықтық көмек беріледі

Құқықтық көмек беріледі

Қорғаныс министрлігінде Құқықтық мәселелерді қарастыратын байланыс орталығы өз жұмысын бастады.

Яғни, Қарулы Күштердің әскери қызметшілері мен азаматтық персоналы ендігі кезекте бір қоңырау шалу арқылы тегін құқықтық көмек ала алады. Call-орталықтың атқаратын негізгі қызметі: ақпараттық, консультативтік-құқықтық көмек көрсету, әскери қызметшілердің өз заңды құқықтары мен мүдделерін қолдануда жәрдемдесу, тиісті бөлімшелерге талап етілетін ақпаратты уақтылы беруді қамтамасыз ету, ақпаратты мемлекеттік және орыс тілдерінде ұсыну. Консультативтік қызмет әскери қызметті өткеру барысында, тұрғын үймен қамтамасыз ету және лауазымды адамдардың әрекетіне немесе әрекетсіздігіне шағым жасау кезінде туындайтын барлық құқықтық мәселелер бойынша көрсетіледі. Call-орталық күн сайын таңғы сағат 9.00 мен кешкі 18.00 аралығында жұмыс жасайды. 8(7172)72-15-11 бірыңғай нөміріне қоңырау шалу Қазақстанның барлық өңірлерінен тегін жүзеге асырылады.


Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

 Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Семь граней Великой степи

Семь граней Великой степи