18 тамызда Астанада ҚР Қорғаныс министрлігінде ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-лейтенант Оқас Сапаровтың ҚХР әскери-өнеркәсіп кешенінің құрамына кіретін бас директордың орынбасары Ли Юйхай мырзаның басшылық етуімен AVIC қытай мемлекеттік авиациялық корпорациясының өкілдерімен кездесуі өтті.
Кездесуде авиациялық саладағы ағымдағы жағдай мен ынтымақтастықтың болашақ бағыттарын талқылады. Оның ішінде, ҚР Қарулы Күштерінің мұқтаждығы үшін әскери-көлік авиациясының ұшақтары мен ұшқышсыз ұшу аппараттарын жеткізіп беру мүмкіндігі талқыға салынды.
Екі елдің өкілдері Астана қ. авиациялық-техникалық орталығының базасында техникаға сервистік қызмет көрсетуді ұйымдастыру мүмкіндіктерін талқылады. Әскери секторда AVIC корпорациясы жойғыш және әскери-көлік авиациясының ұшақтарын, оқу және оқу-жаттықтыру ұшақтарын, сондай-ақ, авионика, ҰҰА, пилотаждық тренажерлар мен өзге де әскери өнімді шығаруда мамандандырылып жатқанын айта кетейік.