ҚР Қорғаныс министрі Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады

                                                                                                                Қымбатты ханымдар!
8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесінде ең ізгі  және шынайы құттықтауларымды қабыл алыңыздар! Көне заманнан бері қазақ халқы әйел затына АНА ретінде зор құрметпен басын иіп қараған. Ол – отбасының ұйтқысы, еңбекқор, бақыт, махаббат, мейірімділік, сұлулық, әлемдегі бар жақсылықтың нышаны.

Бүгінгі күні әйелдердің еліміздің қоғамдық-саяси өмірінде алатын өзіндік маңызды орны бар. Елбасының салиқалы саясатының арқасында бүгінгі таңда әйелдер жоғары мемлекеттік және заңдық билік органдарында жауапты қызметтерді атқаруда, бизнес саласында да жетістіктерге қол жеткізіп отыр. 

Елбасы өзінің «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты кезекті Жолдауында әлеуметтік қамтамасыз ету саласында тапсырмалар бере отырып, аналарға қамқорлық көрсетуді қолдауға назар аударды.

Еліміздің көркеюінің маңызды көрсеткіштерінің бірі – халық санының жыл сайын арта түсуі. Әр жыл сайын орта есеппен алғанда 400 мың сәби дүниеге келеді, бұл 1999 жылмен салыстырғанда екі есеге көп. Әрине, бұл әйел затының нағыз  ерлігі! 

Әйелдер ұрпағының ең жақсы қасиеттерінің бірі – әйелдердің  әскери кәсіпті таңдауы. Жоғары азаматтық және патриоттық эстафетаны жалғастыра отырып, Қарулы Күштердің әйел әскери қызметшілері, жұмысшылары мен қызметшілері мемлекетіміздің әскери қауіпсіздігін қамтамасыз етуге белсенді қатысады.

Қымбатты ханымдар! Сіздерді көктемнің алғашқы мерекесі – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймын! Сіздерге зор денсаулық, отбасының амандығын, бақ-берекесін, еңбектеріңізге толағай табыс тілеймін!

 

                                                             генерал-полковник Сәкен Жасұзақов, ҚР Қорғаныс министрі

 

                                                                        


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"