ҚР Қорғаныс министрі «Үкімет сағаты» шеңберінде ҚР Парламенті Мәжілісінің отырысында сөз сөйледі

ҚР Парламенті Мәжілісінің пленарлық отырыс залында Қазақстан әскери ведомствосының басшысы генерал-полковник Сәкен Жасұзақов Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қызметі туралы баяндамасымен депутаттардың алдында сөз сөйледі.

Қорғаныс министрі атап өткендей, Қазақстан Республикасының жаңа тарихының 25 жылы ішінде Елбасы – Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысының тікелей қолдау көрсетуінің арқасында бүгінде Қазақстанның жауынгерлік әзір және жауынгерлік қабілетті әскері бар. Қарулы Күштерді жауынгерлік әзір жай-күйінде ұстап тұруға әскери қауіпсіздікті, сондай-ақ әлем мен өңірде геосаяси жағдайдың өзгеруін, мемлекеттің әскери қауіпсіздігіне жаңа қауіп-қатерлердің төнуін есепке ала отырып, оларды дамыту бойынша шараларды қамтамасыз ету аясында мемлекеттік қызметтің бағыттарын ұдайы нақтылау үдерісі ықпал етті.

Жүргізілген жұмыстың негізгі аспектісі Құрлық әскерлері, Әуе қорғанысы күштері және Әскери-теңіз күштерінен тұратын қарулы күштердің оңтайлы үш түрлі құрылымын құру, өздерінің стратегиялық тапсырмалары бар тиісті әскер тектерінің құрылуы дәнекер болды.

Білікті мамандардың, сонымен қатар бәсекеге қабілетті, дайындалған өзіміздің кадрлардың болуы маңыздылығын ескере отырып, Қарулы Күштер құрылған сәттен бастап әскери білім беруді дамытуға ерекше назар аударылды. Нәтижесінде 25 жыл ішінде Қазақстанда Қарулы Күштерді дамытудың болашағына барабар әскери кадрларды дайындаудың ұлттық жүйесі құрылды.

Одан басқа, ҚР Қорғаныс министрі әскерлердің жауынгерлік қабілеттілігін, қазақстандық армия қатарында тәртіп пен құқықтық тәртіпті ұстап тұру, әскери қызметшілерді әлеуметтік тұрғыда қамтамасыз ету бойынша іс-шаралардың орындалу барысы туралы депутаттарды егжей-тегжейлі ақпараттандырды. Сондай-ақ отырыс барысында ведомство басшысы «Цифрлық армия – 2020» кіші бағдарламаның маңыздылығы мен іске асырылуының негізгі бағыттарын түсіндірді. Сонымен бірге, әскери ведомствоның басшысы жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру мәселелеріне айрықша мән берді. Сонымен, Әскери-техникалық мектептердің 15 филиалының базасында Әскери-патриоттық тәрбие беру орталықтары құрылды.

Бүгінде орта мектептердің жанында шамамен 63 мың жас азаматты біріктіретін 2000-нан аса әскери-патриоттық клуб, үйірме мен секция жұмыс жасайды. Олардың бірыңғай есебі ретке келтірілді, жас армияшылар бірлестіктерінің тізілімі жүргізілуде. Қосымша ретінде ҚР Қорғаныс министрі Қарулы Күштердің 25 жылдығына орайластырылған Астанада өтетін алдағы ауқымды әскери парадқа дайындық барысы туралы депутаттарды құлағдар етті. Сонымен бірге, «Үкімет сағатын» өткізу аясында депутаттарға қару-жарақ пен әскер техниканың сұлбалары, байланыс құралдары мен атыс қаруының, оптикалық көздеуіштердің үлгілері, әртүрлі киім үлгілері, әскери қызметшілердің жабдықталым нормалары ұсынылды.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"