ҚР Қорғаныс министрі ТМД қорғаныс министрлері кеңесінің кезекті отырысына қатысты


ҚР Қорғаныс министрі Кызыл (Ресей Федерациясы) қаласында өткен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Қорғаныс министрлері кеңесінің кезекті отырысына қатысты.

Кездесуде Әуе қорғанысы әскерлерінің (күші) жедел және тактикалық командалы-штабтық жаттығуларын өткізу, ұшқышсыз әуе көліктері саласындағы ынтымақтастық, гидрометеорология және Бірыңғай мемлекеттік радаралды сәйкестендіру жүйесі саласында ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды.

Кеңес мүшелері сондай-ақ Достастық елдерінің 2020 жылға дейінгі әскери ынтымақтастығының басымдықтарын, «Армия-2018» халықаралық ойындарын өткізу және бірлескен әуе қорғаныс жүйесін бірлескен компьютерлік командалық-штабтық жаттығуларын, дене шынықтыру және спорт саласындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелерін де талқыға салды.

Сонымен қатар кездесуде ТМД мемлекеттері жоғары әскери оқу орындарының ассоциациясы жөнінде және 2017 жылғы Қарулы Күштердің авиациялық қауіпсіздік жағдайы, сондай-ақ бірқатар ұйымдастырушылық және қаржылық мәселелер қаралды.

Айта кетейік, ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Қорғаныс министрлер кеңесі 1992 жылы құрылды. Оның құрамына Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан өкілдері кіреді.

 


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"