ҚР Қорғаныс министрі ғарышкер Тоқтар Әубәкіровті мерейтойымен құттықтады

Қазақстанның армиясы Халық қаһарманы, әскери ұшқыш, ғарышкер, авиация генерал-майоры Тоқтар Әубәкіровті құттықтап, құрмет көрсетуде. Отандық авиацияның аты аңызға айналған ғарышкерінің 70 жылдық мерейтойы күнінде ҚР Қарулы Күштері Ұлттық әскери-патриоттық орталығының қабырғасында мерекелік іс-шара өтті.

ҚР Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов Тоқтар Әубәкіровті мерейтойымен құттықтады. «Тәуелсіз Қазақстанның тарихы қазақстандық космонавтикадан басталды. Бұл нышанды дерек». Еліміздің Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен бүгінгі күні бүкіл ел құрмет тұтып, шынайы қадірлеп отырған әрине, Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіровтің 70 жылдық мерейтойымен тұспа-тұс келіп отырған сәтте бұл қанатты сөз ерекше мағынаға ие болып отыр. Әлбетте, бұл даңқты атақты Тоқтар Оңғарбайұлы өзінің дарыны, білімі мен адамгершілік қасиеттерінің арқасында иемденді», - деді ҚР Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов. Қорғаныс ведомствосының басшысы атап өткендей, Тоқтар Әубәкіров Кеңес Одағының соңғы ғарышкері және көшбасшы, Нұрсұлтан Назарбаевтың саяси ерік-жігерінің арқасында қалыптасқан жаңа мемлекеттің алғашқы ғарышкері атанды. Бұл күні әлемге мәшһүр ұшқышты Ақмола өңірлік гарнизонының әскери қызметшілері құттықтауға келді. Олардың ішінде Қазақстан Әскери-әуе күштерінің қолданыстағы әскери ұшқыштары да бар. Кезінде Тоқтар Әубәкіровтің әскери мансап баспалдағымен жоғарлауы кезінде куәгер болған Қазақстан әскери авиациясының ардагерлері, сондай-ақ, өзге елдердің ұшқыш-сынамашылары мен ғарышкерлері де іс-шараға келді. Қонақтардың арасында «Союз ТМ-13» ғарыш кораблінің іске қосылуы кезінде экипаж командирі болған ресейлік ғарышкер Александр Волков та болды. Ол Тоқтар Әубәкіровтің бүкіл ғұмыры мен ісінің нышаны ретінде туған күн иесіне пропеллерді сыйға тартты. Мерейтой иесінің құрметіне Ұлттық әскери-патриоттық орталықта қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен концерт өтті. Әскери ұшқыш, ғарышкер және Қазақстанның Халық батырының дара жолы қалай басталғанын іс-шара қонақтары Қарулы Күштер мұражайы залдарының бірінде ұйымдастырылған фотокөрменің арқасында еске алып, білді. Тоқтар Әубәкіров – әскери ұшқыш қана емес, ол еліміздің ғарышына жол бастаған тұңғыш қазақстандық ғарышкер. 1991 жылғы 2 қазанда экипаж құрамында «Союз ТМ-13» ғарыш кораблінің ғарышкер-зерттеушісі ретінде ол ғарышқа аттанды. Одан кейін Әубәкіров мемлекеттік қызметке орналасады. Әр жылдары Қазақстан Республикасы Мемлекеттік комитеті төрағасының қорғаныс жөніндегі бірінші орынбасары және Елбасының ғарышты игеру жөніндегі көмекшісі болды. Ғарышкер әрқашан жас ұшқыштармен өзінің жинақтаған тәжірибесімен бөліседі. Қазақстан Әскери-әуе күштерінің офицерлерімен жиі кездесіп тұрады. Офицерлер үшін ол еңбегі сіңген ұшқыш-сынамашы және ғарышкер, жастар оның үлгі-өнегесіне мақтанышпен бой түзейді.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"