ҚР Қорғаныс министрі БАӘ ҚК Ұлттық қорғаныс колледжінің өкілдерімен кездесті

ҚР Қорғаныс министрі БАӘ ҚК Ұлттық қорғаныс колледжінің өкілдерімен кездесті

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің базасында Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі генерал-полковник Сәкен Жасұзақовтың Біріккен Араб Әмірліктері Қарулы Күштері Ұлттық қорғаныс колледжі бастығының орынбасары Хамада Джума Әл-Неадимен кездесуі өтті.

Кездесу барысында ҚР Қорғаныс министрі тыңдаушыларға Қазақстанға келудегі танымдық сапар және оқудың сәтті аяқталуын тіледі. Шетелдік меймандар үшін Ұлттық қорғаныс университеті мен ҚР ҚК Ұлттық әскери-патриоттық орталығының Әскери-тарихи мұражайында таныстырылым экскурсиясы ұйымдастырылды.
Ағымдағы жылы Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі мен Біріккен Араб Әмірліктерінің Қарулы Күштері арасында екіжақты әскери ынтымақтастыққа қол қойылғанын айта кеткен жөн. Аталған жоспарда ҚР және БАӘ аумағында іс-шараларды өткізу көзделген.

Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

«Қарағай» мен «Ақтерек» станциялары

«Қарағай» мен «Ақтерек» станциялары

Инфографика: основные причины ДТП

Инфографика: основные причины ДТП