ҚР ҚК Құрлық әскерлерінде үздік өңірлік қолбасшылық анықталды

ҚР ҚК Құрлық әскерлерінде үздік өңірлік қолбасшылық анықталды

Қазақстан Қарулы Күштерінің Құрлық әскерлерінде 2017 оқу жылының қорытындысын шығарды. Өңірлік қолбасшылықтар мен әскер тектері арасында «Батыс» ӨңҚ көш бастап келеді. Әрі қарай – «Оңтүстік» ӨңҚ, үшінші орынға Десанттық-шабуылдау әскерлері жайғасты.

Ағымдағы жылы ҚР ҚК Құрлық әскерлерінің құрамалары мен әскери бөлімдерінде атыс қаруы мен қару-жарақтан 30000-нан аса практикалық оқ ату өткізілді. Оның ішінде түнде 32,2 %. 2016 оқу жылымен салыстырғанда практикалық оқ атулардың өткізілу қарқындылығы 23%-ға ұлғайды, сондай-ақ жүргізу бойынша 15000-нан аса сабақ, оның ішінде түнде  46,3 % өткізілді. 2016 оқу жылының ұқсас кезеңімен салыстырғанда жауынгерлік машиналарды жүргізудің өткізілу қарқындылығы 38%-ға ұлғайды.  Жауынгерлік даярлық жоспары бойынша ҚР ҚК Құрлық әскерлерінің әскери бөлімдері мен бөлімшелері бөлімшелердің (есептоптардың)  2000-ға жуық жауныгерлік оқ атуын өткізді. Оның ішінде, түнгі мезгілде  – 34,2 %, взводтардың 1000-нан аса жауынгерлік оқ атуы, оның ішінде, түнгі – 38,2 %, роталық тактикалық оқу-жаттығулар – 300-ден аса, оның ішінде, түнгі – 35,3 %, батальондық тактикалық оқу-жаттығулар – 200-ден аса, оның ішінде, түнгі – 47,3 %. Мамандықтар бойынша 43000-нан аса әскери қызметші дайындалды. Оқыту үшін 5000-ға жуық нұсқаушы тартылды. 2016 оқу жылымен салыстырғанда  12,7 %-ға ұлғаюы байқалады. Тактикалық дайындық бойынша практикалық сабақтар заманауи жалпыәскери ұрыстың жүргізілу жағдайларына барынша жақындатылды.
Одан басқа, ҚР ҚК Құрлық әскерлеінің құрамалары мен әскери бөлімдері 2017 оқу жылы ішінде барлық ірі ауқымды, жедел-стратегиялық оқу-жаттығуларға және мемлекеттік маңызы бар өзге де іс-шараларға, оның ішінде, ҚР ҚК құрылуының 25 жылдығына арналған Әскери парадқа қатысты. Құрлық әскерлерінің бөлімшелері Армия халықаралық ойындарының 12 байқауына қатысқанын айта кеткен абзал. Онда «АрХО-2017» сайысының құрамына ҚР ҚК ҚӘ әскери бөлімдері мен бөлімшелерінің 400-ге тарта әскери қызметшісі кірді. ҚР ҚК Құрлық әскерлерінің жеке құрамы өзінің арналымы бойынша жауынгерлік және кәсіби дайныдықта жоғары көрсеткіштерді паш еткенін айта кету қажет.  Қорытынды әскери қызметшілердің қандай жетістікке жеткендерін, әскерлердің аталмыш түрі қалай дамып жатқандығын, қандай тапсырмалардың орындалғандығын және алда нені шешу қажет екендігін көрнекі түрде көрсетуде.  Бұдан басқа, бұл жеке құрам үшін жоғары нәтижелерге қол жеткізу, өздерінің кәсібиліктерін, дене және жауынгерлік даярлықтарын  жетілдіру үшін керемет ынталандыру болып табылады.  

Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

«Қарағай» мен «Ақтерек» станциялары

«Қарағай» мен «Ақтерек» станциялары

Инфографика: основные причины ДТП

Инфографика: основные причины ДТП