ҚР ҚК Жоғарғы Бас Қолбасшысы «KADEX-2016» көрмесінің ресми ашылу рәсіміне қатысты

Елбасы – ҚР ҚК Жоғарғы Бас Қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев төртінші халықаралық «KADEX – 2016» қару-жарақ пен әскери-техникалық мүлік көрмесінің ашылу рәсіміне қатысты.

Елбасы павильондарды аралап, әртүрлі елдердің қорғаныс саласындағы ұсынылған экспонаттарының сапасына баға берді. Мұндай қару-жарақ пен әскери-техникалық мүлік көрмелері отандық кәсіпорындарға шетелдік серіктестердің тәжірибесін алуға және өз өндірісін дамытуға мүмкіндік беретінін атап өтті. «Биылғы жылы тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы. Жылдар бойы біз еліміздің Қарулы Күштерін құрумен айналысып келеміз.  Кез келген мемлекет өзінің тәуелсіздігін әрқашан Қарулы Күштерімен айқындайды.  Қазақстанда кадрларды оқыту жүйесі ешқашан болған емес. Қазір сержанттардан бастап генералдарға дейін әскери істің әртүрлі салалары бойынша Қорғаныс министрлігінің жоғары оқу орындарында оқытып жатырмыз.  Әскери жабдықпен қамсыздандыру және қамтамасыз ету  - бұл еліміз үшін ең бастысы. Біз, негізінен кеңес уақытында болған техниканы пайдаланамыз. Бірақ, қазір өздігінен әскери техниканы, қару-жарақ пен т.б. шығара алатынымызды мақтанышгпен айта аламыз.  Біз қару-жарақты жеткізу және кейбір кәсіпорындарды Қазақстан аумағына ауыстыру жөнінде әртүрлі елдермен ынтымақтастық жасаудамыз. Біз Ресеймен ғана емес, сонымен бірге Еуропа,  Израиль, Оңтүстік Американың көптеген елдерімен ынтымақтастықтамыз.  Біз үлгі, тәжірибе алып, өзіміздің әскери-өнеркәсіптік кешенімізді дамытуға тиіспіз», - деді Н. Назарбаев. 4-ші халықаралық «KADEX – 2016» қару-жарақ пен әскери-техникалық мүлік көрмесінің ашылуы рәсімінде демонстрациялық алаңда ТМД-дағы бірден-бір ҚР ҚК таулы-егерьлік полктің әскери қызметшілері өздерінің тамаша өнерлерімен келушілерді тәнті етті. Сондай-ақ «KADEX-2016»  көрмесінің салтанатты ашылу рәсімінде бүкіл әлемге танымал «NOMAD» каскадерлық тобы әйгілі каскадер  Жайдарбек Күнғожиновтің жетекшілік етуімен өздерінің күрделі атты айлаларын көрсетті.  Игорь Цайдың жетекшілік етуімен «Кун-до» сахналық ұрыс мектебінің оқушылары қоян-қолтық ұрысты қолдана отырып, сахнаның сәнін келтірді. Шоу-бағдарламаға ҚР ҚК 36-шы десанттық-шабуылдау бригадасының әскери қызметшілері де қатысты.  . Көрменің ашылу рәсімінің онлайн көрсетілімін алғаш рет ҚР Қорғаныс министрлігінің ресми сайтында көруге болатынын айта кеткен жөн.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"