ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары әскери қызметшілердің бітімгершілік дайындығымен танысты

ҚР Парламенті Мәжілісінің халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитет мүшелері Алматы қ. Қазақстан Қарулы Күштерінің бірқатар әскери нысандарын аралап қайтты.

Депутаттар қазақстандық әскери қызметшілердің тіл және бітімгершілік дайындықтан өтіп жатқан «Бейбітшілік үшін серіктестік» (ҚАЗЦЕНТ) оқу-жаттығу орталығына барды. Оқу-жаттығу орталығында «Бітімгершілік қызмет туралы» ҚР Заңының іске асырылуы төңірегінде отырыс өтті. Мәжілісмендер ҚАЗЦЕНТ-тің, әскери медицина, минасыздандыру орталықтарының, оқу-материалдық базасы және техникалық жабдықталуымен, сондай-ақ, радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау қызметімен танысты.

Әскери қызметшілердің ағылшын тілін қарқынды оқып-үйренуі бойынша сабақтарда болып қайтты.   Жұмыс сапары барысында депутаттар «ҚАЗБРИГ» бітімгершілік бригадасына және 61993 әскери бөлімінің «Іле» оқу-жаттығу орталығына барды. Олар бітімгершілік бригаданың қару-жарағын, әскери техникасы мен керек-жарағын бағалай алды. Бригаданың жеке құрамы іс жүзінде бітімгершілік дайындық бойынша тапсырмалардың орындалуын паш етті. Оның ішінде, патрульдеу, ізгілік жүктерді айдауылдау, бақылау-өткізу пункттері мен блокбекеттерде тексеру мәселелері пысықталды. 

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"