Қош бол, алтын ұям!

Жақында мамандандырылған «Арыстан» лицейінде 2018-2019 оқу жылының аяқталуына байланысты салтанатты мерекелік іс-шара өтті.

Лицейді бітіруші түлектерге аттестаттар мен арнайы төсбелгілер тапсырылды. Лицейліктер білім нәрін беріп баптаған алтын ұя мектептерінің Туымен қоштасып, болашақ бітірушілерге арналған капсуланы орнатты. Сонымен қатар лицейді бітіруге қатысты есте қаларлықтай ерекше рәсімдерді іске асырды. Бітіру кешіне үлкен концерттік бағдарлама дайындалып, лицейліктер өздерінің өнерлерін ортаға салып, ел өміріне қатысты маңызды оқиғаларға ойларын білдірді.

Биыл Арыстан лицейінің құрылғанына 9 жыл толады. Осы уақыт аралығында лицей ұжымы 7 мәрте түлектерін үлкен өмірге аттандырды. Солардың біразы АҚШ, Беларусь, Қытай, Ресей, Түркия, Украинадан өз бейне құттықтауларын жолдады. Алматы қаласындағы Шекара қызметі академиясының курсанттары және Әскери-инженерлік Радиоэлектроника және байланыс әскери институтының курсанттары, лейтенанттар, Мемлекеттік күзет қызметі лейтенанттары, тағы басқа да түлектер сүйікті лицейлерін құттықтау үшін арнайы келіп, алғыстарын білдірді. Ал «Арыстанның» бүгінгі тәрбиеленушілері қонақтарға өз кезегінде қарумен әскери саптық амалдарын орындап, әсем ән мен тәтті күй, әдемі вальстерін арнады. Мереке салтанатты шерумен аяқталды.

 


Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

 Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Семь граней Великой степи

Семь граней Великой степи