Қорғаныс министрлігінде баспасөз туры ұйымдастырылды

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығының «Шығыс», «Майлин» оқу-жаттығу полигондарының базасында ҚР Қорғаныс министрлігі отандық журналистер және блогерлердің қатысуымен екі күндік қызыққа толы баспасөз турын өткізді.

Баспасөз турының негізгі мақсаты қазақстандық армияның оң имиджі мен беделін ілгерілету, БАҚ өкілдерімен өзара іс-қимылды әрі қарай сапалы түрде нығайту болып табылады. Баспасөз туры бірнеше кезеңдерден тұрды. «Шығыс»  базасында ұйымдастырушылар әскери қызметшілердің киім үлгісі мен керек-жарағының заманауи үлгілерін, қару-жарақ пен әскери техниканы паш етті, одан кейін БАҚ өкілдеріне оқу-жаттығу полигонының аумағында «Арлан» заманауи броньдалған машинасында жүріп өту мүмкіндігі берілді.  Баспасөз турына қатысушылар АК-74 автоматы және Макаров тапаншасынан алыс қашықтыққа нысаналар бойынша оқ атуларды орындады. Оқ ату нәтижелері бойынша аталған жаттығуларды орындау «Алматы ТВ» телеарнасының тілшісі Құсаян Әмірболат пен «МИР» телеарнасының тілшісі Максим Козлов жоғары нәтижелер көрсетті. Одан басқа, үйымдастырушылар «КТК» Алматы бюросының тілшісі Ксения Поляницаны жақсы жағынан атап өтті.  Баспасөз туры Аягөз гарнизонының «Майлин» полигонында жалғасты. Оның барысында БАҚ өкілдері өз көздерімен Армия халықаралық ойындарының «Танк биатлоны» жыл сайынғы байқауына қатысу үшін танкішілер командаларының жаттығуын тамашалады. «Мен шынайы сапар режимінде ғана білуге болатын эксклюзивтік және қызықты ақпарат жинадым. Қазіргі заманауи жағдайларда назардан тыс қалып, тек «паркетті» журналист болу мүмкін емес.  Қазақстандық армияның өмірімен етене танысуға ұдайы түрде мүмкіндік беретін ұйымдастырушыларға мың алғыс.  Бұл шынымен қажетті дүние деп есептеймін», - деп атап өтті «Қазақпарат» халықаралық агенттігінің тілшісі Дәулет Ізтілеуов.  Іс-шара аяқталысымен ұйымдастырушылар БАҚ өкілдерін келе жатқан «Байланыс және ақпарат қызметкерлері күні» кәсіби мерекелерімен құттықтап, мемлекеттің қорғаныс қабілеттілігін арттыру және Қарулы Күштерді дамыту мәселелерін ақпараттық жария ету мәселелерінде атқарған жұмыстарына алғыс білдірді.



Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"